Мазмұнға өту

Жаңа

Құқықты сауаттылық заман талабы

2015 жылдың 14 сәуірінде Орал қаласындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде  «Құқықты сауаттылық заман талабы» және «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы болйынша департаментімен бірлескен тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатында оқушылар жемқорлық дертінің пайда болу тарихына және қазіргі таңдағы еліміздегі жаңа реформалар туралы жұмыстарын қорғап, пікір алмасты.

Сонымен қатар, Департамент қызметкері оқушыларға дәріс оқып, видео роликтер көрсетті. Шара соңында «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?»тақырыбындағы жаднамалар таратылды.

0
0
607

ҚР Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің ұжымымен кездесуі

ҚР Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов мекеме жұмысшыларын өз сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Ә.Құсайынов атап өткендей, экологиялық проблемалар күрделі әрі өзекті болып табылады. «Экология – адамзат тіршілігінің маңызды факторы. Біздің айналамыздағының бәрі – табиғат, біздің өмір сүріп жатқан ортақ әлеміміз. Технология ілгері дамыған сайын, «жасыл» орта осалданып барады. Табиғат ресурстарын мақсатты әрі жоспарлы пайдалану, қоршаған ортаны ластанудан қорғау, мемлекеттік бақылаудың жоспарлы жүйесін енгізу ең басты міндетімізге айналуы тиіс», - деп атап өтті Ә.Құсайынов. Кездесу барысында кандидат, сондай-ақ, әлем бойынша бірегей табиғи ке…

0
0
754

ҚР Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовтың Орал қ. Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде студенттер және оқытушылармен өткізген кездесуі

ҚКХП ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Орал қаласындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде студенттер және оқытушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында ҚР Президенттігіне кандидат партия жұмысы мен өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды. «Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясы – коммунистік идеяны ұстанатын азаматтардың ерікті бірлестігі. Біздің жұмысымыз қоғамдық дамудың тұтас материалистік теориясы ретінде марксизм-ленинизм идеясына негізделіп құрылған. Біз өз жұмысымызды әділ қоғам туралы марксистік-лениндік түсініктерді сақтай отырып құруға және осы арқылы әділетсіз тұстарын жоюға тырысамыз. Соңғы жылдары халықаралық ұйымдардың диетологтары дабыл қағуда. Барлық батыс елдері дұрыс өмір салтын қолданбау, тамақтану мәде…

0
0
390

ҚКХП ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы аймақтық сайлауалды штабтары өткізген іс-шаралар

Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Т.Сыздықовтың Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстық сайлауалды штабтары өткізген іс-шаралары туралы баяндап берді. Өскеменде кандидаттың сайлаушыларымен екі кездесуі өтті. Кездесуде Тұрғын Сыздықов сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырды және сұрақтарға жауап берді. Кандидаттың сенімді тұлғалары тұрғындар арасында насихат жұмыстарын жүргізуде. Павлодар облыстық сайлауалды штабының жетекшісі үгіт-насихат науқаны кезінде партияның басты назары батыстық мәдениет пен құндылықтардың кері әсеріне бөлініп отырғанын мәлім етті. Кандидаттың сайлауалды тұғырнамасы Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының идеяларын насихаттап, марксизм-ленинизм идеяларына негізделіп құрылған. Сайлаушылар коммунистердің көзқарасы, өмірдің мазмұны және ережелері ту…

0
0
381

2015 жылдың 3 ай ішінде ҚСжАЕК есептері бойынша адамның қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы ақпарат беру

2015 жылдың 3 ай ішінде ҚСжАЕК есептері бойынша адамның қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы ақпарат беру

0
0
262

Қызылордада акция аясында атыс қаруларын өтемді түрде тапсырған азаматтарға 7 млн. 349 мың 110 теңге көлемінде қаржы төленді

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 27.11.2014 жылғы нұсқауына сәйкес, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап желтоқсан айының 31-не дейін травматикалық және газды патронмен жарақат салатын мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардан осындай қаруларды өтемді түрде қабылдау акциясы өтуде. Аталған акция қағидаларына сәйкес, травматикалық қаруды ерікті түрде өтемді тапсыру шығындарын қаржыландыруға республикалық бюджеттің қаражаты есебінен Қызылорда облысына 12 343 000 теңге бөлінді. Акция басталған уақыттан бері тұрғындармен 173 дана пистолет, оның ішінде 57 дана ұңғысыз атыс қаруы және 116 данасы жарақат салатын патрондарымен ату мүмкіндігі бар газды атыс қарулары тапсырылды. Қазіргі таңда 150 дана атыс қаруларына комиссия қо…

0
0
271

Қазақстанның үлесін жоғары бағалады

Қазақстанның үлесін жоғары бағалады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифты қабылдады.

Қ.Тоқаев Қазақстан мен Иран өзара тиімді саяси және эконо­ми­ка­лық ынтымақтастықты одан әрі да­мытуға зор мүмкіндіктерге ие екенін атап өтті. Ол Иран Ислам кеңесінің Мед­жлисімен тығыз байланыстар ор­нықтыруға Сенаттың мүдделі еке­нін айта келіп, иран парла­мент­ші­ле­рін Астанаға келуге шақырды. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
436

Қайрат Нұртас анасына не сыйлады?

Қайрат Нұртас анасына не сыйлады?

Қайрат Нұртастың шоу-бизнесте үлкен жетістікке жетуі біріншіден Алланың, екіншіден анасының арқасы десек қателеспейміз. Гүлзира Айдарбекова Қайраттың анасы ғана емес, продюсері, өзінің «KN» жеке меншік киім бренді өндірісінің директоры. Гүлзира Айдарбекова өзінің жолдасымен ұлдарының жобасына қатысты барлық істерге үлгеру үшін Алматы, Астана, Бейжіңнің ортасында шапқылап жүреді. Күні кеше Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова өзінің туған күнін атап өтті. Әлемнің жарығын сыйлаған анасына Қайрат естен кетпес үлкен мереке сыйлады. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
479

Көксарайда күн электр стансасының іргетасы қаланды

Көксарайда күн электр стансасының іргетасы қаланды

Күні көп түсетін өлкеде осы бір табиғаттың сыйын молынан пайдаланса болады-ақ. Кәдеге жаратса күнінің сәулесі де көп, самалдап соққан желі де мол. Көптен бері көкейде жүргенімен сызбаға түспеген істің орайы жуырда ғана шешімін тапты. Баламалы энергетиканы дамытуда оңтүстіктің асығы алшы болмақ. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
340