Бүгін Қазақстан Коммунистік халық партиясы атынан ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықов аймақтық сайлауалды штабтары жетекшілерімен скайп-конференциясын өткізді. Кіріспе сөзінде Т.Сыздықов үгіт-насихат науқаны жоғары дәрежеде жария және тең мүмкіндіктер жағдайында өткізіліп отырғанын жеткізді. «Осы сайлау науқаны арқасында біз бұқара халықтың назарын аударып, сайлауалды бағдарламаның негізгі акценттері мен қағидаларын жеткіздік», - деді Т.Сыздықов. «Кандидаттың үгіт-насихат поезды сегіз аймаққа барып, сайлаушылармен 60 астам кездесулер өткізілді. Біз өзіміздің коммунистік тұғырнамамыз, марксизм-ленинизм идеялары, жалпы адамдық құндылықтар – бейбітшілік, тұрақтылық пен төзімділік, интернационализм мен халықтардың достастығы туралы әңгіме қозғадық. Көп уақытты халықтар арасындағы өзара түс…