Қазақ радиосы қызметкерлерінің жетістіктері
Өткені бай, бүгіні берік Қазақ радиосы қай-қай кезде болмасын әрқашан жетіліп, дамуға деген ынта-ниетімен, сапалы жобаларымен және, ең бастысы, кәсіби мамандарымен мақтана алатын. Бұл қасиет жоғалмақ емес. Ұжымымыздың қос бірдей журналисті қол жеткізіп отырған жетістік – осының дәлелі. Қуана-қуана өздеріңізбен бөлісеміз. Астанада «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен өткен «Нұр Сұңқар» республикалық байқауында Қазақ радиосының Таңғы ойын-сауықтық бағдарламалар редакциясының жетекшісі Құралай Жұмахан «Үздік радио журналист» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігі Жеңістің 70 жылдығына орай журналистер арасында ұйымдастырған республикалық «Мәңгі есімізде» шығармашылық байқауында Қазақ радиосының редакторы Мәдина Махамбетқызы «Үздік радиосюжет/радиобағдарлама» ат…