Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Елбасы ЭКСПО-2015 халықаралық көрмесінде Қазақстанның Ұлттық күнінің басталу рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы қатысушыларға арнаған сөзінде ЭКСПО-2015 көрмесінің «Ғаламшарды азықтандыру. Энергия өмір үшін» тақырыбының өзектілігі жоғары екенін атап өтті.


«Таяу отыз жылда жер жүзінде азық-түлік тұтыну мөлшері екі есе артатынын ескерсек, XXI ғасыр қатерлері аясында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды болмақ және бұған дайын болған жөн. Бұл проблеманы еңсеру үшін барлық мемлекеттердің бірлескен күш-жігері қажет болады», – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы, сондай-ақ, өңдеу секторына жетекші трансұлттық компанияларды тарту жөнінде міндет қоя отырып, аграрлық сектордың әлеуетін кеңейту үшін мақсатты жұмыстар жүргізіп жатқанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев өнімділік қарқынын екі еселеу үшін аграрлық сектор саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді мемлекет ынталандырып отырғанына назар аударды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан: Мүмкіндіктер елі» деп аталған павильонда өңірлердің биологиялық әралуандығы, олардың аграрлық және өндірістік дәстүрлері, сондай-ақ, енгізіліп жатқан озық технологиялары мен жоғары экологиялық стандарттары туралы ақпарат ұсынылғанын атап өтті.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев баршаны Астанада өтетін алдағы көрмеге шақырды және ЭКСПО-2015 көрмесінің табысты өтуіне тілектестік білдірді.

Еске сала кетейік, Бүкіләлемдік EXPO Milano көрмесі Италияда өтіп жатыр. Осы уақыт ішінде қзақстандық павильон көрме қонақтары жиі келетін танымал орындардың біріне айналып үлгерді. Итальяндық бұқаралық ақпарат құралдарының пікіріне сүйенсек, ол ең танымал бес павильонның қатарына кіреді: бір жібергенде 80 адам өткізе алатын қазақстандық көрме күн сайын 4500-дай адам қабылдайды.

Дәстүр бойынша ұлттық күн өтетін кезде ұйымдастырушылар көрме қонақтарын өз елінің тарихымен, әдет-ғұрпымен, мәдениетімен таныстырады.

0
0
401

Осы тақырып бойынша

Елбасы ЭКСПО-2015 халықаралық көрмесінде Қазақстанның Ұлттық күнінің басталу рәсіміне қатысты - Yvision.kz