Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Сенбілік кездесуде» — Бірғаным Әйтімова

Бірғаным Әйтімова еңбек жолын ауыл мектебінде мұғалімдіктен бастаған. Бірғаным Әйтімованың есімі халыққа 1980 жылдардан бері таныс. Кеңес одағы кезеңінде Қазақстан комсомол ұйымының белсенді хатшысы  болды. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін де ер-азаматтармен қатар жауапты қызметтер атқарып, республикамыздың саяси-қоғамдық өмірінің жандануына үлес қосып келеді. Бастауыш сыныпта орыс мектебінде білім алған ол оқуды қазақ мектебінде тәмамдайды. Б.Әйтімовамен қатар оқыған ақын Ақұштап Бақтыгереева: «Бірғанымның көзі жанып тұратын.  Ештеңеден қаймықпайтын, кісіге тура қарайтын жан»,-дейді. Бірғаным Әйтімова еңбек жолын ауыл мектебінде мұғалімдіктен бастаған. Ұйымдастырушылық қасиетінің арқасында ауылдық, қалалық, облыстық, республикалық комсомол ұйым комитеттерінде хатшылық қызметтерде болды.

Саясаткер қандай жандарды  жақын тұтады? Бүгін Ұлттық арнадан сағат 21:15-те «Сенбілік кездесу» хабарын көріңіз.

 

0
0
370

Осы тақырып бойынша

«Сенбілік кездесуде» — Бірғаным Әйтімова - Yvision.kz