Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Балапан» телеарнасы байқау жариялайды

Сайысқа ата-аналар жазған қазақ тіліндегі ертегілер қабылданады. «Балапан» телеарнасы бесжылдық мерейтойы қарсаңында ата-аналарға арналған ертегі байқауын жариялайды. Сайысқа ата-аналар жазған қазақ тіліндегі ертегілер қабылданады.    Байқау талабы бойынша  туынды 3-10 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арналған, бұрын БАҚ-да, кітаптарда жарияланбаған болуы керек.    Сондай-ақ, кемінде екі бет болуы тиіс (12 шрифт). Ал, ертегі жанрына шектеу қойылмайды.    Ең үздік ертегінің желісі бойынша телевизиялық қойылым түсіріліп, кітап шығарылады.   Айта кетейік, байқау 25 тамызға дейін жалғасады.   Мекенжайымыз: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа» орталығы, «Балапан» телеарнасы.

E-mail: [email protected]

 

0
0
1575

Осы тақырып бойынша

«Балапан» телеарнасы байқау жариялайды - Yvision.kz