Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Сенбілік кездесу» Темірғали Көпбаевтың шаңырағында

«Қазығұрт» баспасының директоры Темірғали Көпбаевтың отбасымен болған сұхбатты бүгін Ұлттық арнадан сағат 09:00-де көре аласыздар. Темірғали Көпбаев - 1962 жылы 7 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданында дүниеге келген. ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақ университеті» баспасында редактор, «Жас қазақ» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарған. «Көзмоншақ», «Жаңғырық» жыр жинақтарының, «Қазақ радиодрамматургиясы» ғылыми монографиясының авторы. «Сенбілік таң» ақпаратты-сазды бағдарламасы ақын, журналист, филология ғылымдарының кандидаты, «Қазығұрт» баспасының директоры Темірғали Көпбаевтың отбасымен сұхбат құрады. Бүгін Ұлттық арнадан сағат 09:00-де көріңіз.

 

0
0
545

Осы тақырып бойынша