Шал ақын ауданының қызмет алушылары өз құқықтарынан хабардар

СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бастамасымен «Шал ақын ауданының жастар бастамалары орталығы» КММ аудандық ХҚКО, мемлекеттік органдар мен орталық алаңда «Менің мемлекеттік қызмет алу кезіндегі құқықтарым», «Жемқорлық қол сұғушылықтардан өзін-өзі қорғау» ақпараттық үнпарақтарын тарату бойынша «Хабардар бол» акциясы өтті. Акция аясында 100-ден астам үнпарақтар таратылды.


