Бакуге қазақстандық контейнерлік пойыздың алғашқы легі келді — ҚТЖ
Бүгін Бакуге ТЭЗЗА «Evolution» сериясындағы қазақстандық тепловоздың алғашқы партиясы жеткізілді. Бұл оқиға Транскаспий бағдарындағы Қытай-Қазақстан –Кавказ елдері – Түркия халықаралық «Nomad express» контейнерлік пойыздың келіп жетуімен тұспа тұс келді, деп хабарлады "ҚТЖ" АҚ.
Салтанатты шарада «Әзербайжан темір жолы» ЖАҚ төрағасы Д. Гурбанов Әзербайжан темір жолы мен Қазақстан темір жолының арасында ұзақ жылдардан бері сенімді серіктестік орнағандығын атап өтті. Оның айтуынша, екі ел темір жолдарының басшылығы бұл дәстүрді жалғастыра отырып, жоғары сапалы темір жол өнімін алуды көбейте түспек.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Қазақстанның Әзербайжанға темір жол көлігі машиналарын жеткізетін сенімді орындаушы екендігін айта келіп, қазіргі таңда тепловоздар, электровоздар, бағыттауыш бұрмалар мен темір жолдың басқа да өнімдерін жеткізе алатындғын айтты. Барлық келісім шарттардың бағасы 350 миллион АҚШ доллары шамасына жетіп отыр.
Осы мақсатта Астанадан жеткізілетін «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ тепловоздарды «Әзербайжан темір жолы» ЖАҚ мен «Қазақстанның даму банкі» беріп отырған лизинглілік қаржыға алынады. Бұл өз кезегінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы Қазақстан даму банкісінің отандық экспорттаушыларды қолдауынан туындап отыр. Бұл Қазақстанның халықаралық деңгейдегі отандық тауарларды шетелге лизингілік қаржыландыру арқылы шығарып отырған бастапқы жобасы. Биылғы жыл аяғына дейін «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ Әзербайжанға он локомотив жеткізіп беруді жоспарлап отыр.
Бұған дейін экспортқа шығарылған қазақстандық тепловоздар Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Түркіменстан аумағында жүйткіп жүр. Осылайша елордасындағы локомотив құрастыру зауыты өз өнімдерін шетелге шығару аясын кеңейте түсуде. Кәсіпорын «Нұрлы жол» экономикалық саясаты аясында отандық темір жол көлігі машиналарын экспортқа шығаруды мықтап қолға алмақ.
Контейнерлік пойыз Қазақстан мен Каспий теңізі арқылы 3500 шақырым ұзақ жолды бес тәулікте жүріп өтті. Пойыз Достық станциясынан Ақтау портына барды. Ақтаудан паром арқылы Азербайжан Республикасының Алят портына жеткізілді. Одан әрі қарай Баку маңындағы Кишлы станциясына бағыт алды.
Аталмыш бағдар жаңа экономикалық «Нұрлы жол» саясаты аясында жүзеге асырылуда. Мемлекеттік «Қазақстан –Жаңа Жібек жолы» бағдарламасының маңызды бөлігі.
Пойызды күтіп алу салтанатында сөз сөйлеген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Транскаспий бағдарының Қазақстан мен Әзербайжан мемлекеттерінің әлеуетін көтеруге Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік көпір қызметін атқаратындығын атап өтті. Оның айтуынша, Транскаспий бағдарының негізгі бөлігі болып табылатын Карс-Ахалкалаки темір жолы пайдалануға берілсе, аталмыш бағдардағы жүк тасымалы зор серпін алады».
Өз кезегінде «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ төрағасы Д. Гурбанов осы бағдардың маңызды екендігіне тоқталып, қазақстан тарабының халықаралық жобаға белсенді қатысып отырғандығына алғысын білдірді.
Асқар Маминнің айтуынша, аймақтағы елдердің арасындағы тауар айналымын есепке алған кезде, Транскаспий контейнерлік тасымалы 2020 жылдарға қарай шамамен 300 мың жиырма футтық эквивалентті құрайды. Бұл жоба Қытай, Қазақстан, Әзербайжан, Грузия мен Түркия мемлекеттерінің темір жолдары, Каспий теңіз порттары, кеме жүру кеңістігі, терминалдардағы сервистік қызметтері жеткізудің барынша оңтайлы жолдарын қарастырғанда, барлық мультимодальдық шешімдерді үйлестіргенде, бірыңғай тарифтік саясатты жүзеге асырғанда мүмкіндік ала алады.
Аталмыш бағдар Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін арттырады. Транскаспий халықаралық көлік бағдарындағы бәсекелестікті өсіреді. Қазірдің өзінде осы бағдарға еуропалық елдердің жүк жөнелтушілері де қызығушылық танытып отыр.
Транзиттік және сыртқы сауда жүктерін тасымалдауға тарту үшін бірыңғай бәсекелестікке сай темір жол тарифы енгізіледі және жалпыға ортақ жол қозғалысы технологиясы қолданылады.
Болашақта контейнерлік пойыздар бағыты дамытылып, Үйлестіру комитетіне мүше елдердің бағдарына Қазақстан арқылы транзиттік жолмен Түркияға одан Еуропаға бет алады.
