Қызылордалық кеңесшілер 2,7 млрд теңгені құрайтын 126 бизнес-жоба әзірледі
Биыл Қызылорда облысының барлық аудандандарында ашылған Кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталықтарында бизнес жоба әзірлеуге қатысты сұраныс қатары артуда, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Жыл басынан бері Кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталықтарының кеңесшілері кәсіпкерлергежалпы құны 2,7 млрд.теңгені құрайтын 126 бизнес жоба әзірлеп берді. Бүгінде аталмыш жобалардың жалпы құны 104 млн.теңге болатын 10 жобасы қаржыландырылды, қалғандары қаралуда.
Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілеріне бизнес жоба әзірлеткендердің бірі Бауыржан Таңатар. Ол қызы Болатбекова Айдана екеуі бірінші «Бизнес-кеңесші», одан кейін «Бизнес өсу» жобасы бойынша оқып шықты. Оқыту курсына әкелі қызды кәсіпкерлер дайын идеямен келді: мақсаттары жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға бағытталған кәсіп ашу. «Бизнес-Өсу» жобасында Бауыржан кәсібін жан-жақты зерттеп, пайда табуға болатынына көз жеткізді.
Ол бүгінде бизнесін ашудың бірінші кезеңінен сәтті өтті, яғни жолаушылар тасымалы үшін қажетті құжаттарын әзірлеп, тәжірибелі жүргізушілер алды. Ал Кәсіпкерлер палатасы бизнес жобасын әзірлеп берді. Қазір кәсіпкердің жобасы қаржыландыру үшін банкте қаралуда.
Айта кету керек, жыл басынан бері Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының қызметін қолдана отырып 94 азамат кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеуден өтіп, өз кәсібін ашқан.
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 75,6 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Экономика басқармасы бастығының міндетін атқарушы Айгүл Хасенова өңірлердің жарты жылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларына арналған мәжіліс барысында.
Оның сөзінше, 2015 жылдың 1-тоқсанында өңірлік жалпы өнімнің көлемі 143,3 млрд теңгені құрады.
«Ауыл шаруашылығы тауарларының көлемі бірінші жартыжылдықта 5,6 пайызға артып, 36,3 млрд теңгені құрады. Мүйізді ірі қара малының өсімі 6,9 пайызға, қой мен ешкі 7 пайызға, жылқы 4,5 пайызға, құстар 6,7 пайызға артқан. Нәтижесінде өндірілген ет көлемі 1 пайызға, сүт 6,8 пайызға, жұмыртқа 18,2 пайызға өсті. Өнімдердің өсімін облыстың барлық аудандары мен Петропавл қаласы қамтамасыз етті.
«Облыс экономикасына биылғы жылдың 6 айында 54 млрд инвестиция тартылып, негізгі капитал 52,7 пайызға көбейді»,-деді А.Хасенова.
Сонымен қатар, мәліметтерде құрылыс саласында да өсім қалыптасқандығы айтылады. Атап айтқанда, құрылыс жұмыстарының көлемі 12 млрд теңге немесе өткен жылдың сәйкес мерзімінен салыстырғанда 169,1 пайызды құрады. Кәсіпорындар мен тұрғындар тарапынан 31 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
