Мазмұнға өту

Жаңа

Алматыда тағы бір заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені сүріледі

«Бұған дейін Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы нысанды тексеріп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заңбұзушылық анықтады. 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы рұқсат құжаттарынсыз басталған. Тексеру нәтижелері бойынша «Qadam ТК» ЖШС-не қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, кейіннен заңсыз салынып жатқан нысанды бұзу туралы талап арыз жазылды. Нәтижесінде сот шешімі бойынша, заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап қанағаттандырылды. Қазір шешімнің заңды күшіне енуі күтіледі», - делінген хабарламада.

0
0
407

"Пошташы бізге не әкелді" (бейне ақпарат)

#балалар_жылы

Журнал беттері қашанда көптеген танымдық ақпараттарға толы.Ал балалар журналдары өз алдына керемет басылымдар.Бала жүрегіне жақын қосымша ақпараттарға толы қызықты да, тартымды өлеңдері мен ертегілері көп журнал беттерін ашып танысуға асығыңыздар. Сондай-ақ, балалар сендерді де өз ұсыныстарынмен біздердің бейнебаяндарымызға қатысуға шақырамыз.

0
0
768

СҚО-да Hermes Ltd қаржы пирамидасына қатысты іс тергеліп жатыр

«2019-2022 жылдар аралығында Hermes Ltd жобалары аясындағы инвестиция депозиттері бойынша қатысушыларды басқалардың жарнасы есебінен байыту негізінде халық қаражатын тарту арқылы қаржылық пирамида ұйымдастырылды. Осылайша, олар қаржы пирамидасына активтерді тартқан», - делінен хабарламада.

Қылмыстық іс бойынша үш жәбірленуші танылды, олар жалпы сомасы 4 миллион теңгеге жуық шығынға ұшыраған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

0
0
286

Ойла: Джордж Клейсон "Вавилондағы ең бай адам"

#балалар_жылы

"Вавилондағы ең бай адам" Джордж Сэмюэл Клейсон - "Вавилондағы ең бай адам"кітабының авторы. Автор ақша мәселелерінде жетістікке жету үшін жеке қаржыны басқару принциптеріне сенімді. Кітап беттерінде көрсетілген жеке қаржыны басқару принциптері, ақшаны қалай дұрыс басқару туралы білімдерін кеңейтеді. Кітап қаржы әлемін жаулап алғысы келетіндерге арналған.

«Самый богатый человек в Вавилоне»

Джордж Самюэль Клейсон — автор книги «Самый богатый человек в Вавилоне». Автор уверен: чтобы достичь успеха в денежных вопросах, принципы управления личными финансами. Изложенные на страницах книги принципы управления личными финансами расширит знания как правильно распоряжаться деньгами. Книга предназначена для многих, кто хочет покорить финансовый мир.

0
0
776

Рудныйдағы орталық экранда көшеде қоқыс тастағандар көрсетіледі

Рудный әкімдігі бұрын-соңды болмаған әдістерге көшкен. Билік қаланың үлкен қоқыс алаңына айналып бара жатқанын тұрғындарға осылайша жеткізбек.

Бірақ мұнымен іс бітпейді. Дәл осындай видеолар әлеуметтік желілерде, мысалы, Рудный әкімдігінің Instagram-парақшасында да жарияланған. Материалдың көптігінен жазба күн сайын шығады.

«Город» АА порталы мәліметінше, жергілікті L-Trading ЖШС айына 1000 тоннадан аса, күніне 50 тоннаға дейін қоқыс шығарады.

0
0
309

Алматыда заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені сүріледі

Ведомство мәліметінше, бұл тұрғын үй кешені Наурызбай ауданындағы «Ақжар» шағынауданында салынып жатыр.

«Бұған дейін нысанда тексеру жүргізіліп, тапсырыс беруші ҚР ӘҚБтК-нің 316 бабы 1-бөлігі, 321 бабы, 463 бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап сотқа жіберілді. Талап қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енуі керек», - деді басқарма өкілдері.

0
0
301

Маңғыстауда жол үстіндегі жанжал адам өлімімен аяқталды

Оқиға 22 шілдеде сағат 20:15 шамасында Мұнайлы ауданының Жаңа Дәулет кентінде болған. Маңғыстаудағы облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, 35 жастағы күдікті 67 жастағы ер адамды дене жарақатымен жол жиегіне тастап кеткен.

«Алдын ала болжам бойынша, екі жүргізуші бір-біріне жол бермей, араларында жанжал туындаған. Күдікті эмоцияға бой алдырып, көліктен шығып, 67 жастағы жүргізушіні ұрып-соққан. Алған жарақаттарынан кейін жәбірленуші сол жерде қаза болды. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды»,- делінген баспасөз қызметі хабарламасында.

Қазір күдіктіге қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Тергеу амалдары әлі жалғасып жатыр.

0
0
326

«World of Warcraft: Wrath of the Lich King Classic» 26 қыркүйекте шығады

World of Warcraft Classic 26 қыркүйекте Wrath of the Lich King дәуіріне оралады деп дүйсенбіде Blizzard хабарлады. WotLK World of Warcraft тарихындағы 20 жылға жуық уақыттағы ең жақсы кеңейтімдердің бірі болып саналады. Кейінгі шығарылымдар ойынның механикасын неғұрлым қызықты және шығармашылық жолдармен кеңейтсе де, WotLK сияқты тақырыпқа аз ғана әсер етті. Warcraft III: The Frozen Throne ойынын ұнататындар үшін Нортренд жағалауына алғаш рет аяқ басып, континентті жаңа көзқараспен зерттеу, содан кейін Icecrown Citadel рейдінің бір бөлігі ретінде соңында Артаспен күресу өте ерекше болдыКеңейтудің шығарылымы алдында Blizzard Joyous Journals деп аталатын жаңа кейіпкерлерді теңестіру механикасын ұсынады. Бүгіннен бастап Burning Crusade Classic ойыншылары 50% XP арттыру үшін фракциясының аста…

0
0
374

Қазақстанда электрсамокаттарға қатысты жаңа шектеу енгізіледі

«Электрсамокат жүргізу үшін жүргізуші куәлігінің болуы талап етілмейді. Электрсамокатпен жолға, велосипед жолына немесе қоғамдық көлік жолағына және жаяу жүргіншілерге арналған жолаққа шығатын жүргізушінің жасы 16-да болуы міндетті шарт болады», - деді Мұраталиев Facebook желісіндегі онлайн брифингте.

Сондай-ақ, оның айтуынша, электрсамокат түнде анық көрінетіндей жарық немесе жарық шағылыстырғыш жолақтармен жабдықталуы керек.

Мұраталиевтің айтуынша, биыл «Жол қозғалысы туралы» заңға, жол жүру ережелеріне, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізіледі.

0
1
845