Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Қазақстанда электрсамокаттарға қатысты жаңа шектеу енгізіледі

«Электрсамокат жүргізу үшін жүргізуші куәлігінің болуы талап етілмейді. Электрсамокатпен жолға, велосипед жолына немесе қоғамдық көлік жолағына және жаяу жүргіншілерге арналған жолаққа шығатын жүргізушінің жасы 16-да болуы міндетті шарт болады», - деді Мұраталиев Facebook желісіндегі онлайн брифингте.

Сондай-ақ, оның айтуынша, электрсамокат түнде анық көрінетіндей жарық немесе жарық шағылыстырғыш жолақтармен жабдықталуы керек.

Мұраталиевтің айтуынша, биыл «Жол қозғалысы туралы» заңға, жол жүру ережелеріне, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізіледі.

0
1
792

Осы тақырып бойынша