Ведомство мәліметінше, бұл тұрғын үй кешені Наурызбай ауданындағы «Ақжар» шағынауданында салынып жатыр.
«Бұған дейін нысанда тексеру жүргізіліп, тапсырыс беруші ҚР ӘҚБтК-нің 316 бабы 1-бөлігі, 321 бабы, 463 бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап сотқа жіберілді. Талап қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енуі керек», - деді басқарма өкілдері.