Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Алматыда тағы бір заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені сүріледі

«Бұған дейін Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы нысанды тексеріп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заңбұзушылық анықтады. 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы рұқсат құжаттарынсыз басталған. Тексеру нәтижелері бойынша «Qadam ТК» ЖШС-не қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, кейіннен заңсыз салынып жатқан нысанды бұзу туралы талап арыз жазылды. Нәтижесінде сот шешімі бойынша, заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап қанағаттандырылды. Қазір шешімнің заңды күшіне енуі күтіледі», - делінген хабарламада.

0
0
357

Осы тақырып бойынша