Мазмұнға өту
Venigar

Vinegar Vinegar

@Venigar

Сайтта 2015 ж. 14 қыркүйек

ваш личный психолог

рейтинг

100

жазбалар

11

пікірлер

2

тіркелуші

2

жазылымдар

0

Сіздер үшін пайдалы, мен үшін маңызды.

Бүгіннен бастап, жаңа бір бөлім бастамақ болдым. Мұнда, белгілі пәндер бойынша, білгенімді, я, оқығанымды қалдырып, жазып, барынша түсіндіруге тырысамын. Сіздерге кішкене болса да пайдасы тиеді деп ойлаймын. Ал, ендеше жаңа бастамаға сәттілік! Бүгін бірінші күні "биология" пәні бойынша, нақтырақ айтсам "өсімдік ұлпалары" жайлы жазғым келіп отыр. Өсімдік ұлпалары. Ұлпа- Атқаратын қызметі ұқсас, шығу тегі бір, құрылысы ұқсас жасушалар тобы. Өсімдіктердегі ұлпалар саны 6. Түзуші ұлпа(меристема, грекше "меристос"- бөлінетін)- өзінің аты айтып тұрғандай, барлық өсімдік ұлпаларының жасушалары осы ұлпадан құралады. Түзуші ұлпа негізінен өте ұсақ, қабықшасы жұқа, бір-біріне тығыз орналасқан, ұдайы бөлінетін, вакуольдері де ұсақ жасушалардан құралады. Түзішу ұлпа сабақтың, тамырдың ең ұшында, жас…

1
0
13882