Сіздер үшін пайдалы, мен үшін маңызды.
Бүгіннен бастап, жаңа бір бөлім бастамақ болдым. Мұнда, белгілі пәндер бойынша, білгенімді, я, оқығанымды қалдырып, жазып, барынша түсіндіруге тырысамын. Сіздерге кішкене болса да пайдасы тиеді деп ойлаймын. Ал, ендеше жаңа бастамаға сәттілік! Бүгін бірінші күні "биология" пәні бойынша, нақтырақ айтсам "өсімдік ұлпалары" жайлы жазғым келіп отыр.
Өсімдік ұлпалары.
Ұлпа- Атқаратын қызметі ұқсас, шығу тегі бір, құрылысы ұқсас жасушалар тобы. Өсімдіктердегі ұлпалар саны 6.
- Түзуші ұлпа(меристема, грекше "меристос"- бөлінетін)- өзінің аты айтып тұрғандай, барлық өсімдік ұлпаларының жасушалары осы ұлпадан құралады. Түзуші ұлпа негізінен өте ұсақ, қабықшасы жұқа, бір-біріне тығыз орналасқан, ұдайы бөлінетін, вакуольдері де ұсақ жасушалардан құралады. Түзішу ұлпа сабақтың, тамырдың ең ұшында, жас жапырақтың негізінде орналасады. Жасушалары ұдайы бөлінетіндіктен, өсімдіктердің биіктеп өсуі, сабақтың жуандауы осы ұлпаға байланысты болады.!!!Тек түзуші ұлпаның ғана жасышалары ұдайы бөлінуге қабілетті!!! Басқа ұлпалардың барлығы осы ұлпадан түзіледі.
- Жабын ұлпасы- өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, қолайсыз жағдайлардан(кеуіп кетіден,т.б) сақтайтын ұлпа. Негізінен 3-ке бөлінеді: Өң, Тоз, Қыртыс. 1.Өң- жасушалары тірі, бір-бірімен тығыз жанасатын, алғашқы өсімдіктің өсуі кезінде гүл бөлімдерін, жпырақты, жемісті, сабақты және тамырды қаптап тұрады. 2. Тоз-көп жылдық өсімдіктерде өңнің орнын басатын қабаты. Алғашында жасушалары тірі, алайда кейін қоңырлау түсті өлі жасушаларға айналады. 3.Қыртыс- ең соңында түзілетін қабық. Жасушалары өлі болады. Қыртыстың сыртқы қабығы зақымдалып, кедір-бүдірлі болып өзгереді.
- Негізгі ұлпа- ұлпалардың қожасы. Өз аты айтып тұрғандай өсімдіктің "негізгі" қызметін атқарады. Негізгі ұлпа өз қызметіне қарай: Су жинаушы, қор жинаушы, ауа жинаушы және фотосинтездеуші болып бөлінеду. Құрылымы бойынша цилиндр, шар, элипс түрінде келеді. Жасушалары қор, ауа жинаушы болғандықтан вакуольдері дамыған, үлкен. жасушалары тірі болады. Өсімдіктің барлық мушелерінде кездеседі.
- Тірек ұлпасы- жасуша қабығы қалың, қатты, өсімдітің сабақтарына аты айтып тұрғандай "тіреу" болып, мықтылық береді. Өсімдіктің барлық мүшелерінде белгілі мөлшерде кездеседі.
- Өткізгіш ұлпа- өсімдіктің жер асты мүшелерінен(тамыр) жер үсті мүшелері(сабақ, жапырақ) арасында қоректік заттарды өткізіп отыратын ұлпа. Мысалы, тамырдың сорып алатын минералды тұздарының ерітіндісін жер үсті мушелерні жеткізеді. Жасушалары ұзынша, түтікшелер тәрізді болып келеді.
- Бөліп шығарушы ұлпа- өсімдіктердің керексіз заттарын бөліп шығараытн арнайы мүшелері жоқ. Керек емес қорға жиналған заттарды бөліп шығаруға қатысады. Ол заттар екі жолмен, яғни затты ішке бөлу және заттарды сыртқа бөлу. Заттарды ішке бөлу-шайыр жолы, эфир майы, сүт жолдары. ЗАттарды сыртқа бөлу- эфир майын бөлу арқылы жүзеге асады, оның арқасында өсімдіктер хош иіс бөліп отырады. Оны өнеркәсіпте де қолданады. Мысалы, әтір, бетке жағатын май, шаш жуатын сұйық сабындар жасауда және т.б.
Тағыда оқимын деушілер үшін(толық, ауқымды, қосымша мәліметтермен берілген)
