Үйде мемлекеттік қызмет көрсету
Тағдыр тәлкегімен мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар аз емес. Ондай отбасылар бауыр еті баласын арнаулы орындарда оқытып жатса, көпшілігі үйде оқып тәрбиеленуде. Үйде оқитын мүгедек балаларға мемлекет тарапынан материалдық қамсыздандыру тағайындалатынын білмейтін де ата-аналар болуы мүмкін. Мемлекет тарапынан көрсетілетін мұндай мүмкіндікті алу үшін, Сіз әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерімен қатар, өзіңіз тұратын жердегі Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінсеңіз болады.
«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Халыққа қызмет көрсету орталығында баламалы түрде көрсетіледі.
Ол үшін ХҚКО-ға мына құжаттарды алып барасыз:
1) сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімінің анықтамасы);
4) психологиялық-медициналық педагогикалық консультацияның қорытындысы;
5) мүгедектігі туралы анықтама;
6) банктегі шоттың болуы туралы құжат;
7) сәйкес нысан бойынша мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ақпаратты – 1414 нөмірінен білсеңіз болады
