Балиғат жасына толған, ақыл-есі түзу, зекет беретін мал-мүлік мөлшеріне ие, жолаушы емес әрбір мұсылманға құрбан шалу - міндет. Ертең күллі мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт басталады. Құрбан араб сөзі. Мағынасы «жақындау» дегенді білдіреді. Бұл - лайықты, ізгі іс жасау арқылы Жаратқанға жақындау. Ал, құрбан шалудың шариғаттағы анықтамасы - Құдайға құлшылық ниетпен, ереже шарттарын ескере отырып, мал шалу. Балиғат жасына толған, ақыл-есі түзу, зекет беретін мал-мүлік мөлшеріне ие, жолаушы емес әрбір мұсылманға құрбан шалу - міндет. Құрбандыққа бір жасар қой, ешкі, екі жасар сиыр, бес жасар түйе шалынады. Сойылатын мал арық, ақсақ, соқыр, құлақсыз шұнақ, мүйізі сынған болмауы керек. Сойылған малдың еті жақын-жуықтарға, мұқтаж жандарға таратылады. Бұл күндері көпшілік бір-бірінің үйіне б…