Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Болашақ теміржолшылар жемқорлыққа қарсы

Ағымдағы жылғы 22 қыркүйекте өңіріміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, жастар арасындағы жемқорлық құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында, кезекті интерактивті кездесуін өткізді.

Осы жолы, мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын және аталған қоғамдық індетке төтеп беруде азаматтық белсенділікті арттыру бойынша шараларды талқылауға, Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенттері мен ұстаздары қатысты.

«Жемқорлық» ұғымының түсінігін тарқатуда, дәріс беруші күнделікті өмірде орын алған жемқорлық сипаттарынан түрлі мысалдар келтіріп, кездесуге қатысушылардың қызығушылықтарын арттыра түсті. Олардың да, пікір алмасуға белсенді қатысуы, жастармен қарым-қатынас орнатудың көптеген тиімді механизмдерін ойлап табуға септігін тигізді.

Сондай-ақ дәрісте, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жұмысынан мұғалімдер мен студенттер әрдайым хабардар болып отыру үшін, Департаменттің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары таныстырылды.

Колледж әкімшілігі болса, өз кезегінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты жаңғыртуға арналған, кітап және журналдардан көрме ұйымдастырды.

Кездесу соңында жиылғандарға бейне роликтер көрсетіліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

0
0
432

Осы тақырып бойынша

Болашақ теміржолшылар жемқорлыққа қарсы - Yvision.kz