Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Оңтүстік Қазақстан облысында семинар өтті, тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңын түсіндіру», «Бес институционалдық реформаның мән-мағынасын жеткізу және оның еліміз үшін маңызды екенін түсіндіру»

2015 жылдың 23 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен (әрі қарай - Департамент) ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және ававриялық–құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесімен бірлесе  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңын түсіндіру», «Бес институционалдық реформаның мән-мағынасын жеткізу және оның еліміз үшін маңызды екенін түсіндіру» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шара барысында кіріспе сөз Қызмет бастығының м.у.а. өртке қарсы қызмет полковнигі М.Алимбаевке беріліп, әрі қарай НұрОтан партиясының өкілі Б.Жандосова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы тақырыпта баяндама жасады.

Департамент қызметкерлері іс-шараның негізгі тақырыбына тоқтала келе, семинарға қатысушыларды Департаменттің құрылымымен, оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы жұмысымен және мемлекеттік қызмет өткеру қызметімен, сондай-ақ ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен таныстырды. Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері қылмыстық-құқықтық саясатқа тоқтала келе, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған лауазымды тұлғаларға қатаң жаза қаралғандығын және бұл жаңа Қылмыстық кодексте іске асырылып жатқандығын жеткізді.

Сондай-ақ, Департамент қызметкерлері «100 нақты қадам» Ұлт жоспары туралы айта келе және оның еліміз үшін маңызды құжат екенін түсіндірді.

Семинарға қатысушылар институционалдық реформаға қатысты өз ойларын білдіріп, Елбасымен берілген тапсырмаларды орындау және шешу жолында тізгін басында тек қана туған елінің өркендеп өніп-өсуі үшін шынайы патриоттар, кәсіби шеберлер қалатындығы туралы айтылды.

Әңгіме барысында қозғалған мәселелер жан-жақты талқыланды. Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта видеороликтер көрсетіліп, сауалнама жүргізілді. Өткізілген іс-шараны қорытындылап, алдағы уақытта тығыз байланыста жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

0
0
399

Осы тақырып бойынша

Оңтүстік Қазақстан облысында семинар өтті, тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңын түсіндіру», «Бес институционалдық реформаның мән-мағынасын жеткізу және оның еліміз үшін маңызды екенін түсіндіру» - Yvision.kz