Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбындағы семинар

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) ұйымдастыруымен ОҚО Мемлекеттік кірістер департаментінде  «Сыбайлас жемқорлықпен күрес», «Бірінші институционалдық реформа ол – алдағы уақыттағы мемлекет құрылымының маңызды тапсырмалары» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шара барысында Департаменттің консультанты А. Колосков қатысушыларды Департаменттің құрылымымен, оның мемлекеттік қызмет өткеру және сыбайлас жемқорлыққа бағытта атқарып жатқан жұмысымен таныстырып, сондай-ақ 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықққа қарсы стратегиясына тоқталып өтті.

Департаменттің консультанты Б. Каратаев Ұлт жоспарының «100 нақты қадам» орындалуы үшін үлкен өзгерістер болатындығын айтып өтті. Мемлекеттік қызмет корпусын кәсіби және автономдық қылу бойынша   Елбасы нақты тапсырма беріп отыр. Сонымен қатар, алғашқы жұмыс ол – мемлекеттік қызметке кіру процедурасын модернизациялау. Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталады.  Сала мамандарын іріктеудің тәртібі күшейеді. Әрі қарай карьералық баспалдақ арқылы өсу  - жіті қарауды қажет етеді.

Семинар қатысушылары институционалдық реформа бойынша өз ойларын білдіріп, яғни Еліміздің өсіп-өркендеуі үшін тек қана кәсіби мамандар мен патриоттар және Мемлекет басшысымен тапсырылған тапсырмаларды орындау жауапкершілігін сезінген азаматтар ғана   рөл басында қалатыны туралы айтылды.

Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта видеороликтер көрсетіліп, сауалнама жүргізілді. Департамент қызметкерлеріне түрлі сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Өткізілген іс-шара қорытындыланып, алдағы уақытта тығыз байланыста жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

0
0
603

Осы тақырып бойынша

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбындағы семинар - Yvision.kz