«Қазақстан» телеарнасында әзілкештердің «жекпе-жегі»
«Күлкінің бір минуты өміріңізді ұзартады» деген халық сөзі бар. «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» нақылын ұстанған дана халқымыз, әзіл сөзді, қалжыңды ерекше бағалайды. «Көңілашар» театрының әртістерінің нағыз, тума талант әзілкештерінің әзілдері халық ойынан шығады деген ойдамыз.

Жобаның әрбір бағдарламасы бұл – күлкілі монологтардан, жақсы әндер мен мың бұралған бишілердің және керемет көңіл-күйдің ғажайып кеші!

«Көңілашар» жобасының ұйымдастырушылары қазіргі қоғамның өзекті мәселелерін көрермендерге жеткізудің жолы ретінде әзілді таңдады.

Еліміздің ең үздік әзілкеші Тұрсынбек Қабатов бастаған бағдарламаның бір топ қатысушылары жалпы адамзатқа тән құндылықтарды насихаттайды.
Жобаның продюсері, әрі жүргізушісі Тұрсынбек Қабатов өз жобасы жайында: «Бұл бағдарлама көрермендерге әзіл мен мысқылдау арқылы маңызды мәселелер туралы ой салады. Елімізде танымал әзілкештердің жоқтың қасы. Біздің көрермендер үшін жаңа бағыттағы әзіл қажет. Сапалы әзілдердің аз болуына байланысты, көрермендеріміз шетелдік телеарналарға ауысуда.
Бағдарламамызда Қазақстанның түкпір-түкпірінен халық арасынан шыққан үздік әзілкештерді таңдаймыз. Олар бұл өнерді театрдан меңгерген жоқ, кәсіби әртіс те емес. Қазақстанның барлық өңірлеріне барып, кастингқа қатысқан үш жүз адамның ішінен жүз жиырма адамды іріктедік. Іріктеуден өткен адамдар «Қазақстан» телеарнасының эфирінде жеңіс үшін бақ сынасатын болады. Финалға жобаның үздік бес қатысушысы шығады және олар «Әзіл әлемі» театрының резиденттері атанады. Бұл бастамаға «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова ұсыныс жасап, осылайша біз «Көңілашар» атты жобаны жасадық».
Бағдарламада бірнеше айдар болады, олар: «Актерлік шеберлік», «Импровизация» және т.б. «Актерлік шеберлік» айдарында қатысушылар өздерінің әртістік шеберлігін көрсетсе, «Импровизация» айдарында олар өздерінің ойлауын және күрделі жағдайлардағы тапқырлығын көрсетеді. Қатысушылардың өнерін Көңілді тапқырлар отауының (КВН) жұлдызы – Құмар Лұқманов, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының халық әртісі – Сайлау Қамиев, сондай-ақ «Әзіл әлемі» театрының директоры және әртісі – Тұрсынбек Қабатовтан құралған әділ-қазылар алқасы бағалайтын болады.
Еліміздің ең күлкілі адамдары көрермендердің көзайымы және «Көңілашар» бағдарламасының жеңімпазы атану үшін күресетін болады. «Ережесіз күлкі» бағдарламасын «Қазақстан» телеарнасының эфирінен 5-қазаннан бастап дүйсенбі-бейсенбі аралығында сағат 23.35-те тамашалаңыздар.
