Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Ұлы Дала дауысы». «Дәстүрлі ән» аталымында 10 үміткер бағын сынайды

Олар: Армат Исламғалиев, Бейбіт Мұсаев, Дәуренбек Әркенов, Жақсыкелді Маясаров, Зүлфия Баймұрзаева, Күлімхан Жұмалиева, Қазыбек Адыкеев, Нұрболат Құсайынов, Нұрым Асқанов, Перизат Тұрарова.

IV Халықаралық «Ұлы дала дауысы» радиофестивалінің «Дәстүрлі ән», «Күйші», «Этноаспаптық ұжымдар» аталымдары бойынша үміткерлерге дауыс беру басталды. Үздік орындаушыларға http://daladauysy.kaztrk.kzсайты арқылы дауыс беруге болады.

Айта кетейік, «Дәстүрлі ән» аталымында - 10, «Күйші» аталымында – 6, «Этноаспаптық ұжымдар» аталымында 6 үміткер бағын сынайды.

Дауыс берудің апталық қорытындысын 8 қазанда сағат 19:05-те Қазақ радиосының әуе толқынына шығатын «Ұлы Дала дауысының» күнделігінен» тыңдай аласыздар.

«Ұлы Дала дауысының» жүйріктерін бірге анықтайық, үздік әнге дауыс беріңіздер!


0
0
846

Осы тақырып бойынша

«Ұлы Дала дауысы». «Дәстүрлі ән» аталымында 10 үміткер бағын сынайды - Yvision.kz