Мазмұнға өту

Жаңа

Бас Прокуратурада бөтеннің мүлкін ұрлауға тосқауыл қою саласындағы заңдылықтың қорытындысы талқыланды

Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Бас прокуратураның алқа мәжілісі болып өтті. Онда 2014 жыл мен 2015 жылдың 8 айындағы бөтеннің мүлкін ұрлауға тосқауыл қою саласындағы заңдылықтың жай-күйіне жасалған талдау қорытындылары талқыланды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Алқа жұмысына Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшелері, Жоғарғы соттың, бірқатар министрліктер мен ведомстволардың, облыстық әкімдіктердің басшылары қатысты.

Алқада қылмыстық жағдайға теріс әсер ететін және құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар егжей-тегжейлі сараланып, ұрлықтың алдын алу бойынша шаралар ұсынылды.

Қадағалау органының басшысы құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықты ескертудің пәрменді тәсілдерін әзірлеу  мәселелерінде құқық қорғау және атқарушы органдар арасында тиісті өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қажеттігін атап көрсетіп, профилактика жүйесінде қылмыстық мінез-құлықтың алғышарттарын тудырушы әлеуметтік-құқықтық факторларды жою жөніндегі шараларға басымдық берілуі тиіс екендігін атап көрсетті.

Осы мақсатта құқық тәртібін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибесін пайдалану ұсынылды.

Жұмыссыз адамдар үшін ақы төленетін, бірақ кәсіби біліктілік пен дайындықты талап етпейтін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға бағытталған шараларға басымдық беру қажеттілігі айқындалды.

Бұрын сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және оларды еңбекпен қамту аясында жұмыс орындарының квотасын арттыру, «нөлдік келісім-шарт» негізінде сағаттап қана есептелетін шағын еңбекпен қамтуды білдіретін ағылшын тәжірибесін енгізу, сондай-ақ бір жолғы күндік жұмыс берумен шұғылданатын нүктелерді көптеп ашу ұсынылды.

Ұрланған заттарды анықтау және оларды сатуға тосқауыл қою жөніндегі жұмысты күшейту қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Мысалы, ұялы телефондар ұрлығының ашылуын арттыру үшін IMEI-кодтардың бірыңғай мәліметтер базасын құру және ұрланған немесе контрабандалық жолмен әкелінген телефон аппараттарын оқшаулау жүйесін енгізу ұсынылды.

Сондай-ақ көшелерге, тұрғын-үй кешендеріне, қоғамдық көліктерге сапалы бейнебақылау жүйесін қондыру проблемаларын кезек күттірместен шешу ұсынылды. Қоғамдық орындардағы және көшелердегі тұрақты полиция бекеттерінің жүйесін, сондай-ақ облыс орталықтары мен ірі қалалардағы жылжымалы полиция бекеттерін көбейту қажеттігі айтылды.

Қоғамдық тәртіпті күзетуге жұртшылықтың қатысуын кеңейту ұрлықтарды ескерту мен олардың жолын кесудегі ықпалды әрекет ретінде танылды. Құқық тәртібін күзету саласындағы қоғамдық институттардың шетелдік тәжірибелерін ескере отырып, азаматтарды құқық бұзушылықтың профилактикасына белсенді тарту үшін материалдық ынталандыру, ақшалай сыйақының мөлшерін арттыру, олардың қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысу мүмкіндіктерін кеңейту ұсынылды.

Осы және басқа да шараларды бөтеннің мүлкін ұрлауға тосқауыл қою жөніндегі ведомствоаралық жоспар аясында жүзеге асыру ұсынылды және осы жоспарды әзірлеу барлық мүдделі мемлекеттік органдарға тапсырылды. Бас Прокурор атап өткендей, көзделіп отырған жүйелі шаралар профилактикалық жұмыстың нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталуы тиіс, қылмысты ескерту мен жолын кесу, құқықтық тәртіп мен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бойынша сәйкес шараларды қамтуы тиіс.

Ақпарат көзі

 
0
0
311

Ұлттық банк «Мешін жылы» мен «Шыбыншы торғай» ескерткіш күміс монеталарын шығарды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылғы 16 қазаннан бастап «proof» сапасымен номиналы 500 теңгелік «Шығыс күнтізбесі» монеталар сериясынан «Мешін жылы» алтын және күміс ескерткіш монеталарын және «proof» сапасымен номиналы 500 теңгелік «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» монеталар сериясынан «Шыбыншы торғай» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарады, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

«Мешін жылы» монеталары он екі қырлы нысанда жасалған. Күмістен және алтыннан жасалған екі монетаның бет және сырт жағындағы бейнелері бірдей.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын (күмістен жасалған монетада – «Ag 925 31,1 g», алтыннан жасалған монетада – «Au 999 7,78 g») білдіретін жазу бейнеленген.

Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне монетаның соғылған жылын білдіретін «2016» ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «Восточный календарь» және ағылшын тілінде «ORIENTAL CALENDAR» деген сөздер ойып жазылған. Күңгірт жиектің ішкі жағына шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан. Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі. Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз және жазусыз.

«Шыбыншы торғай» монетасының пішіні сопақ. Монетаның бет жағында (аверсінде) Жердің барлық тұрғындарына деген қамқор қатынасты білдіретін Жер планетасының адам алақанындағы стильдендірілген бейнесі, монетаның номиналын білдіретін «500 теңге» деген жазу, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 g» деген жазу бейнеленген.

Айналдыра мемлекеттік тілде «Қазақстан Ұлттық банкіІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар. Монетаның сырт жағында (реверсінде) ағаш бұтағының арасындағы шыбыншы торғай бейнеленген. Шыбыншы торғайдың және жапырақтардың бір бөлігінің бейнесі тампографиялық басу көмегімен түс қосып орындалған.

Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «Шыбыншы торғай» деген жазу, латын тілінде түрдің зоологиялық атауы «TERPSIPHONE PARADISI» және соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан бар. Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Айналдыра шығыңқы жиек. Қыры (гурты) бедерлі. Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

Ақпарат көзі

 
0
0
666

Ақтөбе рельс-арқалығы зауытында алғашқы отандық рельс өнімі шығарылды

Ақтөбе рельс-арқалығы зауыты (АРАЗ) отандық рельс өнімдері прокатын шығарды. Бұл бірегей кәсіпорын мемлекет басшысының жеке тапсырмасы бойынша салынған ТМД аумағында теңдесі жоқ зауыт, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ.

Өткен жылдың желтоқсан айында Президент Нұрсұлтан Әбішұлының қатысуымен АРАЗ-да «Қазақстанның жаңа индустриализациялаудың  2014 жылғы қорытындысы  және алғашқы бесжылдықтың нәтижелері» атты жалпы ұлттық телекөпір аясында рельс зауытының бірінші кезеңі  іске қосылды.

Зауыт құрылысы мен оның өндірістік желісі қысқа мерзімде салынды. Бүгінгі таңда кәсіпорын дайын өнімдірді шығаруды бастады.

Салтанатты іс-шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті А.Мамин, «Siemens S.p.a» компаниясының бас директоры Джузеппе Феррарио, ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қырғызстан көлік және коммуникация министрі Арғынбек Малабаев, «Әзірбайжан темір жолдары» ЖШС  төрағасы Джавид Гурбанов қатысып, сөз сөйледі.

Шараға қатысушылар қатарында Парламент депутаттары, ТМД және Балтық жағалауы елдері  темір жол әкімшіліктері мен темір жол өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың  өкілдері болды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті А. Маминнің айтуынша, Мемлекет басшысының индустриялық бағдарламаға сай тапсырмасымен Қазақстанда қысқа мерзімде темір жол көлігін жасаудың жаңа саласы қалыптасты. Әлемдік жетекші компаниялар General Elektric,  Alstom,Talgo, Siemens қатысуымен жүк және жолаушылар тепловоздарын, электровоздар, вагондар, ірі вагон құймаларын, инфрақұрылымдық техникалық құралдар шығарыла бастады.

А. Мамин сондай ақ, тұңғыш отандық рельс өнімінің Қазақстанның индустриялық тарихында  маңызды оқиға екендігіне тоқталды.

АРАЗ-дың жобалық қуаты жылына 430 мың тонна металл өнімдерін шығаруға жетеді. Оның басты өнімі термоқысымға шыдамды Р-65 маркалы ұзындығы 120 метрге жететін жоғары жылдамдықты магистральға арналған рельстер шығарады. Оған қоса, жылына 230 мың тонна рельс арқаулары, бұрыштамалар, швеллерлер шығарады. Бұл темір жол өнімдері Қазақстанды ғана емес, көршілес мемлекеттердің де сұранысын қанағаттандырады.

Сондай-ақ, бұл күні Қазақстандағы темір жол көлігі машинасын жасау саласында серіктестік және болашағына арналған дөңгелек үстел отырысы да өткізілді. Ондағы талқылау барысында қазақстандық «Тұлпар-Тальго», «Электровоз құрастыру зауыты» (ЭҚЗ), «Локомотив құрастыру зауыты (ЛҚЗ) зауыттарындағы темір көлігі өнімдерінің тұсау кесері жасалып, оны экспортқа шығарудың «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қолдауымен жүзеге асыру жайы сарапталды.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың айтуынша, Еуразиялық аймақтағы темір жол көлігі машиналары өнімдерін шығаратын зауыттар мен қаржылық институттардың арасында тығыз қарым-қатынас орнаған.

Оның ішінде атап айтарлығы, қазақстандық экспортта «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қолдау жүйесі туралы басқарма төрағасы Б.Жәмішев баяндады. Оның айтуынша, банк АРАЗ құрылысын қаржыландырып қана қоймай, ендігі жерде оның шетелдік тұтынушыларға өткізу жайын да міндетін алып отыр.

«Жинақ банкі» басқарма төрағасы А.Камаловтың айтуынша, қаржылық құрылым «ҚТЖ» ҰК» АҚ жобаларын белсенді қолдап келеді. Бұл өз кезегінде тауар айналымының жақсаруы мен ел экономикасының серпінді дамуына ықпал етеді.

А.Камалов ірі көлемдегі инфрақұрылымдық жобалардың ішінде АРАЗ мемлекет пен жеке бизнестің серіктестігінің ерекше үлгісі екендігіне тоқталып өтті.

Дөңгелек үстел отырысында Әзірбайжан, Белорусь, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстанға  АРАЗ дайын өнімдерін жеткізу туралы Меморандумға қол қойылды.

Ақпарат көзі

 
0
0
414

Бес мемлекеттің президенттері ЕАЭО-ның халықаралық қызметі туралы 15 құжатқа қол қойды

Армения - Серж Саргсян, Беларусь - Александр Лукашенко, Қазақстан – Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан - Алмазбек Атамбаев пен Ресей - Владимир Путин - бес мемлекеттің президенттері Еаразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметін анықтайтын 15 құжатқа қол қойды. Бұл туралы бүгін Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында белгілі болды.

«Күн тәртібінде 15 мәселе болды. Біз шағын құрам барысында осы барлық 15 мәселені қарадық. Аталмыш мәселелер бойынша қол қоюға арналған құжаттар дайын», - деп сендірді Беларусь Президенті Александр Лукашенко.

Атап айтқанда, кеңес қорытындысы бойынша ЖЕЭК қатысушылары «2015-2016 жылдарға арналған ЕАЭО-ның халықаралық қызметінің негізгі бағыттарына» және «ЕАЭО-ның негізгі серіктестерімен орташа мерзімге сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту тәсілдеріне» , Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының сандық құрамы туралы құжаттарға және т.б. қол қойылды.

Сонымен қатар, ЕАЭО мәселелері мен Жібек жолы экономикалық белбеуі бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер қызметін үйлестіру туралы; ЕАЭО негізгі экономикалық даму бағыттары туралы; Еаразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентіне өзгертулер енгізу туралы бірқатар құжаттарға да қол қойылды.

«Жақын арада жаңа жылға дейін бұл мәселелер зерттеліп қана қоймай алға ілгерілейтін болады. Сонымен қатар Қырғызстан да ЕАЭО-ға енгеніне өкінбейді. Мен бұған дейін хабарлағандай күн тәртібінде 15 сұрақ. Осы құрамда оның барлығын қарастырдық және 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия алқасына Армения төрағалық ететіні туралы шешім қабылданды», - деп мәлімдеді А. Лукашенко.

Беларусь Президентінің айтуынша, Арменияның бұрынғы Премьер-Министрі Тигран Саргсян Еуразиялық экономикалық комисия алқасына төрағалық етеді.

«Т. Саркисянға Ресей Президенті қолдау көрсетіп отыр.  Ол өте тәжірибелі маман», - деді А. Лукашенко.

«Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңестің жоспарлы отырысы осы жылдың желтоқсанында Мәскеуде өтеді. Күн тәртібінің маңызды мәселелерінің бірі мүше елдердің министрлері мен өкілдерінің мүшелеріне бағытталған ұжымды реттеу болып табылады», - деді В.Христенко.

«Жұмыс желтоқсанға дейін аяқталуы керек. Олардың барлығы 2016 жылдың 1 ақпанына дейін комиссия қалай жұмыс істейтінін білуі қажет», - деді ол.

Айта кетейік, Ақмола облысының Бурабай ауылында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) отырысы өтуде. Кеңестің отырысына Қазақстан Президенті Н.Назарбаев, Армения Президенті С.Саргсян, Беларуссия Президенті А.Лукшенко, Қырғызстан Президенті А.Атамбаев және РФ Президенті В.Путин қатысуда.

Ақпарат көзі

 
0
0
616

Қазақстандық армияның әскери қызметшілері «Кембриялық патруль-2015» оқу-жаттығуында жаңа тәжірибе жинақтайды (ФОТО)

Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тобы «Кембриялық патруль-2015» халықаралық оқу-жаттығуына қатысу үшін Уэльс шет аймағына, Ұлыбританияның Біріккен Патшалығына және Солтүстік Ирландияға аттанды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқу-жаттығуға Ұлыбритания және шет елдері Қарулы Күштері түрлерінің арнайы бөлімшелері қатысады. Оқу-жаттығу шеңберінде қазақстандық әскери қызметшілер өздерінің дағдыларын жетілдіруге және жергілікті жерді патрульдеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруда тәжірибе алмасатын болады.

Оқу-жаттығу Ұлыбритания корольдік Қарулы Күштерінің 160-механикаландырылған жаяу әскер бригадасының базасында екі кезеңде өткізіледі, яғни,  дайындық және белсенді фаза.  «Кембриялық патрульдердің» сайысы 40 жылдан бері жыл сайын Ұлыбританияда өткізіліп тұрады.

Бұл жарыс сайыс болып табылмайды, бұл жауынгерлік арналуы бойынша тапсырмаларды орындауға бағдарланған жаттығуларды орындау. Командалар өзара сайсысқа түспейді, ал жауынгерлікке барынша жақындатылған жағдайларда тапсырмаларды орындайды. Сайысқа өңірлік, аумақтық және халықаралық командалар қатысады, онда қатысушылардың көшбасшылық қасиеттері, олардың далалық машығы, тәртібі, сондай-ақ психологиялық және дене шыдамдылығы тексеріледі.

2013 жылы шет мемлекеттерін 18 команда (Канада, АҚШ, Франция, Австралия, Германия, Дания және т.б.) ұсынды. «Кембриялық патрульдер» арнайы мақсаттағы әскерге іріктеумен салыстыруға келетін ең күрделі және мәртебелі сайыстардың бірі болып табылады.

Әскери қызметшілердің дене даярлығына ерекше талаптар қойылады, өйткені, оларға 25 келі жүкпен Кембриялық таулардың бөктеріне 50 шақырым жаяу өткелден өрмелеп өтуге, 1000 метрден аса биіктікке көтерілуге және 750 метрге төмен түсуге тура келеді. Додаға Ұлыбритания Қарулы Күштерінің бөлімшелері мен резервшілер, сондай-ақ 18-ден аса шетелдік командалар қатысады. Қатысушылардың жалпы саны 100 патрульден асып жығылады. Жарыс 10 күн бойы өткізіледі.  
Ақпарат көзі

 
0
0
379

Жыл басынан бері Алматы соттары 90 мыңнан астам істі қарады – Жоғарғы сот

Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Төралқасының отырысы өтті, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Онда Алматы қаласы соттарын кешенді тексерудің және практикалық көмек көрсетудің нәтижелері талқыланды.

Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Е.Н. Әбдіқадыров Алматы қаласы соттарының сот төрелігін жүзеге асырудың, қызметтерін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жағдайын кешенді тексерудің қорытындылары туралы айтты.

Өз сөзінде ол Алматы қаласының соттары республика бойынша азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істердің ең көп санын қарайтындығына тоқталды. 2014 жылы қала соттары шамамен барлығы 117 мың істі, 2015 жылдың өткен кезеңінде 90 мыңнан астам істі қарады. Алматы қаласының аудандық және оған теңестірілген соттары судьяларының штат саны 218 бірлікті құрайды. Республика бойынша бір судьяға орташа жүктеме 55,9 іс болса, мұнда 71,2 істі құраған.

Алматы қаласының аумағына Алматы облысының ауылдық округтары мен елді мекендерінің қосылуы туындайтын даулар санының және тиісінше  соттар қарайтын істердің өсуіне әкеп соқты. Мәселен, 2013 жылмен салыстырғанда, 2014 жылы аяқталған азаматтық істердің саны үш есеге (34%) артқан, яғни, былтыр 51 іс қаралса, биыл 78 мың іс қаралды. Ағымдағы жылы өсу 20%-ды құрады (2014 ж. - 32 мың іс, 2015 ж. - 40 мың іс). Міндеттемелік құқықтан, банктік, коммуналдық қызметтер көрсету бойынша шарттардан, сондай-ақ, салық органдарының заңды тұлғаларды және жеке кәсіпкерлерді мәжбүрлеп тарату туралы талап қоюлардан туындайтын даулар бойынша талап қоюлар саны арта түскен.

Одан басқа, әкімшілік және қылмыстық істер санының тиісінше 11%-ға және 7%-ға  өсуі атап өтілді.

Соттардың жұмысын ұйымдастыру бөлігінде проблемалық мәселе – кадр тұрақсыздығы, оның ішінде жаңадан тағайындалған мамандар біраз уақыт еңбек еткенмен, ұзақ мерзімге тұрақтамайтыны тағы бар.

Сондай-ақ, Алматы қалалық сотының төрағасы А.Ж. Ештайдың ақпараты тыңдалды.

Талқылау нәтижесінде Төралқа тиісті қаулы қабылдады. Аталған облыстық соттардың жұмысы қанағаттанарлық деп танылды. Сонымен қатар, олардың төрағаларына іс-шаралардың жоспарын әзірлей отырып, соттар жұмысында орын алған кемшіліктерді жою жөнінде тапсырма берілді.

Бұған қоса, Жоғарғы Сот Төрағасы сот төрелігін жүзеге асырудың, сот практикасын қорытудың, талдамалық қызметті жүргізудің, еңбек және атқару тәртібін орындаудың сапасын арттыру қажеттілігіне назар аударды.

Ақпарат көзі

 
0
0
403

Эфирде «Айгөлек» балалар сазды жобасы

Бүгін «Айгөлектенің» концертін сағат 12:05-те көріңіз.

Жаңалыққа толы жаңа маусымда қаншама жас өнерпаздың жолы мен бағын ашқан «Айгөлек» сазды жобасы бүгіннен бастап Ұлттық арна эфирінен көрермендерге жол тартады.

«Айгөлектің» маусымашар концертінде жас талантты әншілердің әнін, мың бұралған биші қыздардың биімен қатар, елімізге белгілі әншілердің әндерін тыңдай аласыз.

«Айгөлек» балалар сазды жобасын бүгін сағат 12:05-те тамашалай аласыздар.


0
0
661

«Келбет» бағдарламасында – Көпжасар Нәрібаев

Бұл туралы бүгін сағат 14:15-те «Келбет» бағдарламасынан көре аласыздар.

Көпжасар Нәрібаев Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылында туылған. Экономист-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының докторы.

Ол 1991 – 2001 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың ректоры, 2001 – 02 жылы ҚР Премьер-министрінің білім және ғылым саласы бойынша Кеңесшісі болған.

Көпжасар Нәрібаев туралы бағдарламаны бүгін сағат 14:15-те көре аласыз.


0
0
451

Ұлттық арнада «Әли мен Айя» мультфильмі

Бүгін сағат 13:10-да мультфильмнің 3-4 бөлімдерін көріңіз.

Бұл мультфильмнің мақсаты 5 жасқа дейінгі балалардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Ауылда тұратын ата-әжесіне келген Әли мен Айя есімді кейіпкерлер арқылы балаларды қоршаған ортамен таныстыру.

Әли мен Айя табиғаттың түрлі құпия-сырларына жауап іздейді. Ән айтып, би билейді. Әр бөлімде қазақтың Ұлттық өнері, мәдениеті, әдет-ғұрып және салт-дәстүрі қамтылады.

«Әли мен Айя» мультфильмін бүгін сағат 13:10-да көріңіз.


0
0
1012

Геннадий Головкин Давид Лемьені 8-ші раундта техникалық нокаутпен жеңді

Головкин-Лемье бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақыты бойынша сағат 06:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетті.

Бүгін Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» аренасында WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин канадалық Давид Лемьені 8-ші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, IBF чемпиондық атағын иеленді.

Айта кетейік, Головкин-Лемье бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақыты бойынша сағат 06:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетті.


0
0
392