#Zhascamp2015 — Фоторепортаж. Алғашқы сағаттар.
ЖасКэмп - елімізде "бейресми" атанған ең үлкен конференция осы жылы 6-рет өткізілуде. Осы жылғы ерекшелігі - 3 қалада өтіп жатыр. Үш аптада үш қала. Өткен аптада Шымкентте болса, бүгін Астана қаласында өтіп жатыр. Алғашқы сағаттарынан Кэмптің қалай өткенінен фоторепортажды қабыл алыңыз.
Қонақтарды волонтерлер қызықты ойындармен қарсы алды. Суретке түсуге де үлгердік.

Астанаға солтүстік шығыс аймақтан 200-ден аса қатысушы келді. Ең үлкен делегация - 11 адамнан тұрады. Павлодар қаласының Инновациялық Еуразия Университетінің мүшелері.

Ашылу салтанатына форумның өтуіне қолдау көрсеткен ұйымдардың №1 тұлғалары қатысты. Астанадағы ЕҚЫҰ елшісі Наталья Зарудна, "Ұлттық волонтерлік желі" төрайымы Вера Ким және Қазақстан Жастары ақпараттық қызметінің жетекшісі Ирина Медникова.

Алғашқы диалогтік алаңда "Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының" президенті Зәуреш Батталова "Қоғамдық келісім және азаматтық қоғамның маңыздылығы" жайында жастармен ой бөліседі.

"Жастар қазіргі кезде саясатпен белсене айналыса алады. Алайда "саясат" деген ұғым көп адамдар ойлайтындар өте ұсақ мағынасында алып қажет емес. Сіздердің жергілікті билік өкілдеріне, қоғамдық талқылауларға қатысуыңыз - ол да саясат. Сіздердің жиналыстарды ұйымдастыруға, қол жинауға, ұйымдарға мүше болуға құқығыңыз бар" - дейді спикер.
Айта кетерлік жайт, Зәуреш Батталова еліміздегі заң шығару процессіне белсене қатысатын жандардың бірі .

Гоптниктердің "көтеріп алу" технологиясын, қыздарға сөз айту технологиясын алматылық дебатерлардың кумиріне айналған жігіт Максим Сиваков #Zhascamp-те ашып беруде. Гопниктер мен қыздар қарапайым мысалдар ғана, анығында қоғамдық манипуляция, мемлекеттердің "халық көзқарасын қалыптастыру" жайында семинар өткізуде. Бұл бағытта Максимнің білетіні аз емес. Рекламалық компаниясы бар жігіт "манипуляцияның" қалай жасалатынын зерттеп жүргеніне бірталай жыл өтіпті.

. Бейресми конференция болғандықтан секцияларға қатысу-қатыспау еркін әр адамның өзінде. Коворкингтің сыртында Ануар Сағынтаев жүр. Актерді алғаш көрген жастар инстаграмға фото салумен әлек болды.

"Сұр зонада" еліміздің үлкен ұйымдары орналасты. "Мәңгілік ел" жалпыұлттық қозғалысының өкілдері ұйымына волонтерлерді жинауда. Кеудемізге тағар кәдесыйларын көріп, мен де қозғалысқа мүше болдым. Қазақ тіліндегі "Критикалық ойлау негіздері" кітабын да сыйға тартты.

Білім және ғылым министрлігінің "Қаржы институты" да өз орынын тапты "сұр қалада". ЖОО-ды қаржылы оқимын деген жастарға кепілдік ретінде "тұрып" бере алады екен. Одан басқа бірнеше бағдарламалары бар екен. Жастар біліп жатыр.

"Ұлттық волонтерлік желі" жайында білгісі келетіндер аз емес. Кезектеп қызықтап жатыр жұмыстарын.

"RG Brands Қазақстан" 4 жыл бойы қолдап келе жатыр. Биыл "пепси" мен "натураны" түскі асқа әкеп берді.

Көптеген халықаралық және республикалық форумдарға эксперт ретінде қатысқан Анар Мәжит Кэмпте көргеніме қуанышты болдым. Анардың айтуынша бұл жерде өте пайдалы семинарлар өтуде. Әсіресе, Максим Сиваковтың семинары пайдалы болды дейді. Жаскэмптегі адамдардың ашықтығын да атап өтті.

Бұл сағат 14.00-ге дейінгі Кэмп. Хабарлар мен сұхбаттар күтіңіз.

