Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ОҚО «Отанға қызмет – абыройлы міндет» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жастар форумы өтті

2015 жылғы 23 қазанда  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент), ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы және  Республикалық «КЕМЕЛ» қоғамдық бірлестігінің қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай  жастар арасында «Отанға қызмет  – абыройлы міндет» атты форумы өткізілді.

Форумға жас мемлекеттік қызметшілер, студенттер, жастар мәселесімен айналысатын мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты –  мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін көтеру, мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін арттыру, өсіп келе жатқан жасөспірімдерді Қазақстанның патриоты болуға шақыру, еңбек сүйгіш, адал, әділ, ұлтжанды жан – жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Форум екі бөлімде жұмыс жүргізді: практикалық және пленарлық.

Практикалық бөлім үш секциялық жұмыстарға бөлінді:

Бірінші секцияда Департаменттің бөлім басшысы Г.Мұсабекова аудан әкімі орынбасарлары, аппарат басшылары және мәслихат қызметкерлері үшін «Мемлекетке қызмет – халыққа қызмет!» тақырыбында  дөнгелек үстел өткізді. Онда «100 нақты қадам» атты Ұлт Жоспарының аясында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін жоғарлату, мемлекеттік қызмет сапасын жақсартып, мемлекеттік қызметшілерге этикалық және тәртіптік мінез-құлық қалыптастыру мәселелері талқыланды. Бұл отырыста Абай аудандық прокуратурасының прокуроры Ж. Рысбаев пен халықаралық «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты (Кембридж университеті) Н. Өтешовте  өз ойларымен бөлісті.

Екінші секциянда Шымкент студенттер альянсы корпаративті қорының директоры Ж.Исахов «Мәнгілік ел жастардың қолында!» атты тақырыбында интеллектуалды шоу ұйымдастырып өткізді. Онда жас мемлекеттік қызметшілер мен студенттер қазақ хандығы мен мемлекеттік қызметке қатысты викториналық сұрақтарға жауап берді.

Үшінші секцияда осы топ үшін Еуразиялық тәжірибелік психология және психотерапия институтының тренер-психологы Ж.Атаева «Біз халықтың қызметшісі екендігімізді ұмытпайық» тақырыбында психологиялық тренингін жалғастырды.

Форумның пленарлық бөлімін Департамент басшысының орынбасары – тәртіптік кеңес төрағасы Б.Бекжанов ашып, алғы сөзін сөйледі.

ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми зерттеу институтының ОҚО филиалының директоры, ардагер мемлекетік қызметші А.Ахметов және «Болашақ» халықаралық бағдарлама степендиаты  Н. Өтешев құттықтау сөздер сөйледі.

Сондай-ақ, Кембридж университетінің профессоры Лаймулин Чокан, Экономикалық Лондон мектебінің магистрі ҚР Білім және ғылым министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры Ғ.Оспанкулов   және Санкт- Петербург қаласының парламент протоколының маманы Б.Ескендирова онлайн бейне телекөпірінде тілдесу өткізілді. Бұл тікелей эфирде шетелдік қандастарымыз өздері білім алып және жұмыс жасап жатқан мемлекеттердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің оң тәжірибесі,  өздерінің жас маман ретіндегі өмір жолдарымен таныстырды және форум қатысушыларын құттықтай отырып, еңбектеріне табыс тілейді.

Оңтүстік Қазақстан облысы білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы басшысының м.а. Б.Жанабіл «Мемлекеттік жастар саясаты: кеше және бүгін» және М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ды Саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты С.Мажинбеков «Қазақ хандығы – тәуелсіз Қазақстанның негізі» атты тақырыптары бойынша негізгі баяндамалар жасады.

Жиын соңында Төлеби ауданы Жастар орталығының директоры Қ. Қыпшақов жастар атынан Форум Үндеуімен таныстырды. Қызу талқылаудан соң  барлық қатысушылар сертификат алып, естелікке суретке түсіп, мерекелік ас мәзірінде әңгімелерін  жалғастырды.

0
0
649

Осы тақырып бойынша

ОҚО «Отанға қызмет – абыройлы міндет» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жастар форумы өтті - Yvision.kz