Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Орта және шағын бизнес жүргізу және мемлекеттік сатып алу барысында орын алған құқық бұзушылықтар» тақырыбында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың 4 қарашасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті  жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде орта және шағын бизнес жүргізу және мемлекеттік сатып алу барысында  орын  алған құқық бұзушылықтар туралы әңгіме қозғалды.

Департаменттің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі офицері А.Матиева «Орта және шағын бизнес жүргізу үшін кедергілер және орын алған құқық бұзушылықтар туралы» баяндамасында Департамент қызметінің негізгі бағыттарының бірі кәсіпкерлікке қолдау көрсету болып табылатындығын және бұл бағытта бірқатар іс шаралар атқарып жатқандығын атап өтті. Сондай-ақ, орын алған қылмыстардың көбісі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылық назарына жеткізілсе де, өкінішке орай бұл бағыттағы қылмыстар толастамауда екендігін жеткізді.

Тәртіптік-әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің басшысы Қ.Сапарбеков «Мемлекеттік сатып алуға қатысты Тәртіптік кеңес отырысында қаралған тәртіптік істер туралы» баяндамасында Тәртіптік кеңеспен ағымдағы жылдың 10 айында қаралған 101 тәртіптік істердің 32-сі ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң талаптарының бұзылуы бойынша қозғалғандығын, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарын сақтамағаны үшін қозғалған тәртіптік істердің басым бөлігі, конкурс комиссиясы тарапынан конкурсқа негізсіз жіберу, кәсіпкерлерді негізсіз шеттету және басқа да деректер бойынша екендігін атап кетті.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша – Департаменттің ақпараттық-техникалық бөлімінің басшысы С.Тутеев «2015 жылдың 10 айы бойынша облыс көлеміндегі мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу конкурстарына жүргізілген мониторинг нәтижесі» баяндамасында Департамент тарапынан мемлекеттік органдардың веб-порталында жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурстарына мониторинг жүргізу барысында бюджеттік қаржыларды үнемдеудің орнына, керісінше, тиімсіз пайдалануына жол берілгендігі, конкурс арқылы сатып алынатын тауарлардың нарықтық құнын сараптамайтындығы, оларға негізсіз жоғары баға қойып, бюджеттік қаражатты тиімсіз жұмсалуына ықпал жасайтындығын айта келе, ағымдағы жылдың 10 айында мемлекеттік органдар мен ұйымдарға 115 ұсыным хаттар жолданып, 213,7 млн.тенге бюджет қаржысының тиімсіз пайдаланылуына жол берілмегендігін жеткізді.

Баяндамалар мазмұны бойынша Кеңес мүшелері тарапынан  қойылған сұрақтарға Департамент қызметкерлері нақты және тұшымды жауаптар берді.

0
0
463

Осы тақырып бойынша

«Орта және шағын бизнес жүргізу және мемлекеттік сатып алу барысында орын алған құқық бұзушылықтар» тақырыбында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. - Yvision.kz