Сенат Жаңа Еңбек кодексінің жобасын қабылдады
Бүгін ҚР Парламент Сенатының пленарлық отырысында палата депутаттары Жаңа Еңбек кодексінің жобасын екі оқылымда қарап, қабылдады. Еңбек кодексінің жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын жүзеге асыру мақсатында дайындалды (83 қадам). Жаңа Еңбек кодексінің тұжырымдамалық үлгісі тараптардың мүдделер тепе-теңдігін сақтай отырып, олардың жауапкершілігі мен рөлін айқындап, жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек қатынастарына мемлекет тарапынан араласу шегін нақты анықтауды ұсынады. Мемлекет жұмыскерлерге берілетін кепілдеме мен өтемақының ең төменгі деңгейдегі еңбек стандарттарын анықтап, жұмыс беруші тараптарының бұл міндеттемелерді орындауын қатаң бақылайтын болады. Жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек қатынастар…

