Мазмұнға өту

Жаңа

Н.Назарбаев ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-сессиясына қатысты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Конференцияға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде ЮНЕСКО-ның алатын орны айрықша екенін атап өтті.

«Қазақстан негізгі басымдығы Біріккен Ұлттар Ұйымының орнықты даму мақсатының маңызды бағыты болып саналатын ЮНЕСКО-ның қызметін толық қолдайды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті өзі осы мінберден 20 жыл бұрын баяндаған мақсат-міндеттердің бәріне, сондай-ақ БҰҰ Мыңжылдық даму мақсаттарын  біздің ел қол жеткізгенін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев этносаралық, мәдениетаралық, дінаралық негізде өркениеттердің күйреуі мен қақтығысы ушығып кеткеніне арнайы тоқталды.

«Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық 70-сессиясында өткен дебаттар әлем дамуының жаңа парадигмасын әзірлеу қажеттігін дәлелдеп берді. Қазақстанның халықаралық бастамалары осы маңызды міндетті орындауға бағытталған. Біз «Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045» жоспарын ұсынамыз. Оның мәнісі –  соғыстар мен қақтығыстардың түпкі себептеріне жол бермейтін бүкіләлемдік даму стратегиясын жасау», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті қазіргі әлемнің мақсаты ядролық қарусыз әлемді орнықтыру екенін, сол үшін БҰҰ Ядролық қарудан ада әлемге қол жеткізу жөніндегі жалпыға ортақ декларация қабылдауды ұсынатынын айтты.

«2016 жылы менің Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойғаныма 25 жыл толады. Бұл әлем қоғамдастығының ядролық қарусыз әлемге қол жеткізу жолында күш жұмылдыруы үшін маңызды себеп бола алады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы терроризм мен діни экстремизмге қарсы біртұтас халықаралық майдан ашу мәселесіне де тоқталды.

«Әлемдік өркениеттер мен негізгі діндердің бесігі болған ежелгі Месопотамия жері бүгінде аяусыз бүлініп, тонауға түсті. «Ислам мемлекеті» деген атты жамылғандар Таяу Шығыстың бірегей тарихи-мәдени мұрасына орны толмас зиян келтіруде. Қазақстан терроризм мен экстремизмнің кез келген көрінісін батыл айыптайды. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы әрекеттің әлемдік бірыңғай желісін құруды ұсынамыз», – деді Қазақстан Президенті.

Ислам радикализмімен күрес кезінде оны бейбітсүйгіш исламмен шатастырып алмау маңызды екені, ал экстремизмге тек мәдениетаралық және дінаралық диалог негізінде ғана қарсы тұруға болатыны да атап өтілді. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, біздің  ел ұсынған «Ислам терроризмге қарсы» атты форум нақ осы мақсатқа бағытталған.

Мемлекет басшысы Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бес съезін өткізгеніне, онда түрлі конфессиялардың өкілдері бейбітшілік пен келісімге, зорлық-зомбылық қолданбауға шақыратынына назар аударды.

Қазақстан Президенті бейбітшілік пен халықаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында ЮНЕСКО-ның әлеуетін кеңінен пайдалану қажеттігіне тоқтала отырып, ұйым жанынан Бейбітшілік пен орнықты дамуды қолдау жөніндегі халықаралық академия құруды ұсынды.

«Академия озық әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, бейбітшілік пен орнықты дамуды қолдау жөнінде прогрессивті идеялар мен тиімді шаралар әзірлей алар еді. ЮНЕСКО-ның «Әлем мәдениеті» тұжырымдамасын жүзеге асыру арқылы қақтығыстардың ертерек алдын алу жолын іздестірудің ерекше маңызы бар. Аталған тұжырымдама қағидаттары Қазақстанның БҰҰ қолдауымен «Жаңа Болашақ» тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі бастамасымен үндеседі», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Француз монахы Гильом Рубрук 13-ғасырдың ортасында христиан, будда, манихей және мұсылман қауымы тату тіршілік кешкен қазақтың көне Қойлық қаласында болғанын еске салды.

«Былтыр Қазақстан, Қытай және Қырғызстанның бастамасымен ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралары тізіміне Ұлы Жібек жолында орналасқан сегіз археологиялық нысан енгізілді. Бұл тізімде толеранттылықтың, діни төзімділік пен достықтың символы Қойлық қаласы да бар. Еліміз таяуда Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтті. Біз Ұлы Даланың тарихи-мәдени мұрасы мен рухани құндылықтарын жаңғыртып жатырмыз. ЮНЕСКО-ның алдын ала есепке алу тізіміндегі ескерткіштер мұқият қорғалуда. Олардың қатарында Отырар, Түркістан, Сауран және Сығанақ бар», – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы өз сөзінде Ұлы Жібек жолы дәстүрлерін жаңғыртудың айрықша маңыздылығын атап өтті.

«Оның тарихына қарап, тығыз ынтымақтастық пен өзара мәдени байланыс бүкіл адамзат үшін бейбітшілік пен даму негізі екеніне көз жеткіземіз. ЮНЕСКО-ның атаулы даталар күнтізбесіне Жібек жолының Жетісу бөлігіндегі тоғысу орталығы болған Алматы қаласының 1000 жылдығы енгізілгенін ризашылықпен атап өткім келеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы іс-шараға қатысушыларға Қазақстанның ЮНЕСКО-ға біздің ел бастамашылық еткен 2013-2022 жылдарға арналған мәдениеттер жақындастығының халықаралық онжылдығын жүзеге асыру ісі бойынша қолдау көрсетіп отырғаны туралы да айтып берді.

Соңында Қазақстан Президенті еліміздегі білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформаларға және Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындық барысына тоқталып, барша делегаттарды осы көрмені келіп көруге шақырды.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11183

 
1
0
521

Ұлыбританияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы туралы келісімге қол қойылды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Елбасы Қазақстан-Британия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының ІІ отырысының ашылуына қатысты.

Іс-шараға сондай-ақ Ұлыбритания Премьер-Министрі Д.Кэмерон қатысты.

Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде форумға қатысушыларға тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы мен бүгінде мемлекет жүргізіп жатқан экономикалық саясат туралы әңгімелеп берді.

Мәселен, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан шекарасының ұзақтығы мен жерінің кеңдігі Еуразия кеңістігінде маңызды стратегиялық және көлік-логистикалық қызмет атқаруға мүмкіндік беретініне назар аударды.

Мемлекет басшысы елде 100-ден аса этнос өкілдері тұрып жатқанын, осы уақыт ішінде олардың тең құқықтары мен мүмкіндіктері сақталғанын, соның арқасында тұрақтылық қамтамасыз етіліп отырғанын да атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті тәуелсіздік жылдарындағы экономиканың даму қарқыны туралы да айтты.

«Осы кезеңде халықтың жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімі 700 доллардан 13 мың долларға дейін ұлғайды. Бұл біз үшін зор табыс деп есептейміз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның 1990 жылдары экономиканы жекешелендірудің аса ауқымды шарасын жылдам әрі зор табыспен өткізгені де айтылды.

Мемлекет басшысы бүгінде экономикамызды дамытудың жаңа кезеңі келгенін атап өтті.

«Қазір дағдарыс, энергия тасымалдаушы өнімдер бағасы төмендеді. Мен мұндай жағдайды болжадым, өйткені бұл – капиталистік экономиканың циклды дамуындағы заңдылық. Осы жағдайда біз елді жаңғырту үшін Бес институционалдық реформа мен «100 нақты қадам» жоспарын әзірледік», – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгін қол қойылған Ұлыбританияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы туралы келісімді жоғары бағалайтынын атап өтті және «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру жоспары туралы айтты.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11179

1
0
227

Жаяу Мұса

 

Атақты Жаяу Мұса тоқсан төрт жасаған,аса дарынды қиын тағдырлы ақын,әнші. Тоқсан үш жасында үйінде жатса, есіктен біреу "Ассалуалейкум" деп кіріп келіпті. Жаяу Мұса сәлемін қабылдап,жөн сұрапты.-Шорманның немересі Садуақаспын,-Атамның сізге істеген қиянатын кеш деп келіп отырмын депті. Жаяу Мұса үндемепті. Әкежан кешіре көріңіз атамның сізге істеген қиянатын. Жаяу Муса үндемепті. Садуақас үйден шығып кетеді. Қора жақтан дүрсілдеген дыбысқа елеңдеген Жаяу келініне, -қорадағы не дүрсіл деп сүраса, келіні:-жаңағылар бір үйір жылқы қамап кетті дейді. Сонда Жаяу Мұсс қораның есігін ашта жылқыларды қоя бер депті. Қорадан дүркіреп қашқан жылқыларды көріп, Садуақас жылап жіберіпті-, Атамның қиянаттын кешпедіғой деп

2
0
475

Қазақтың әнші қызы

Қазақтың әнші қызы

Қоңыр сазды , терең мағыналы өлеңдерімен халық жүрегіне алтын əріптермен жазылған əнші, сазгер-Гаухар Əлімбекованың қазақ эстрадасында алар орны ерекше. Көгілдір экраннан басқа жұлдыздар сағат сайын шығып өзін жарнамаламайтын Гаухар тыңдармандарын сағындырып бір-ақ шығады. Сазгер ретінде жүрекке тиетін əуендерін шығарып, оған қоса əн айтқанда да нақышына келтіре халықтың жүрегіне жеткізеді.
Гауһар Әлімбекова 1971 жылдың 7 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай өңірінде дүниеге келген. Әкесі Серікбай мен анасы Мақпалайдың қасиет қонақтап, қыдыр дарыған берекелі шаңырағында 8 ұл, 4 қыз өсіп-өнді. Гауһар – ата-анасының алты ұлдан кейін көрген тұңғыш қызы болатын. Ел мақтаған әкесі ауыл-аймақтың қадірлі ақсақалы болса, гүл баптаған анасы ақыл-парасатына алыс-жақын ағайынды түгел тәнті еткен ұлағатты жан еді. Сондықтан өнегелі де өнерлі Әлімбековтер әулетінің аты оңтүстік жұртына түгел мәшһүр.
"Жас келін", "Келінге өсиет" ,"Ақ келін","Перзент сыры", "Оралшы махабат", "Махаббат ордасы", "Арманның бəрі тəтті алғашында" -сынды көптеген əндердің авторы болған Гаухар жеке шығармашылығына аса мəн береді. Келіндерге ,қыздарға айтқан өсиет өлеңдері терең мағынамен ой түйгізіп іс жүзінде көрініп жатыр.
Қазіргі жастардың көбі танымаса керек. Алайда бір тыңдап көріңіздер. Мен өзім Гаухар Əлімбекованың тыңдарманымын. Əнші əпкенің əн айту жанры(стилi) маған қатты ұнайды. Сондықтан əндерін ерекше ықыласпен тыңдаймын.
Оқырмандар сіздер Гаухар Əлімбекованың əндерін тыңдап көрдіңіздер ме?!

0
0
2822

Неге қазақ сөйлемейді қазақша

Неге қазақ сөйлемейді қазақша,
Ана тілде сөйлеу қазір мазақ па?
Шұбарлатып өзге тілді қостырмай,
Төл тіліңді құрметте де ардақта!

Төл тіліңді құрметте де ардақта,
Қазақ тілін насихатта жан-жаққа.
Мәртебесін жоғалтса ана тілің
Құрып кетер,қаласың сонда азапта.

Құрып кетер,қаласың сонда азапта,
Ана тілің жетелдеді азатқа.
Тарихы бар өшпейтұғын мәңгілік,
Қазақ тілін сақтаңдаршы,қазақтар!

Қазақ тілін сақтаңдаршы, қазақтар!
Тіл бар жерде тірлік пенен бірлік бар.
Өз тіліңді білмейтұғын жүрсеңдер,
Қоғамың да бір-ақ сәтте құлдырар.

Қоғамың да бір-ақ сәтте құлдырар,
Аманатсыз қалар болашақ,ұл-қыздар.
Неге қазақ сөйлемейді қазақша,
Ана тілде сөйлеу қазір мазақ па?

3
0
528

Алашымның ордасы

Алашымның ордасы,Ұлы Абайдың мекені,
Тарихы бар тұғырлы,үміт күткен ертеңі.
Ерке Ертісті жағалай бой көтерген бұл қала,
Құдіретті елден шыққан талай дана тұлғалар,
Қазақ елін танытқан Шәхкәрім мен Мұхтарлар.

Алашымның ордасы,қатал кезеңді өткерген,
Зор дауысы да атомның тараған осы өлкеден.
Қиындыққа төтеп беріп, көп қиналған бұл қала,
Жасымады ақсадағы улы ауызсуы жылғадан,
Зардап көріп бар аймақ, тұрғындары жылаған.

Алашымның ордасы,өркениеттің бастауы,
Қазақ елі мойындады рухани астана атауын.
Халқы сүйген өнерлілердің қаны тамған бұл қала,
Күміс көмей Әмірені тыңдады Франкфурт таңқала,
Ұлттық өнер Айнұрмен айтыс түсті жандана.

Алашымның ордасы, ыстық маған қашанда,
Махаббатым таусылмас,қанша өлең жазсам да.
Еуразияның дәл жүрегі, Доржынкит ежелгі аты,
Аса берсін күннен күнге туған қаламның даңқы.

-1
0
480

«Жиде. Кешіккен махаббат» комедиясы

Жерар Депардье, Нұржұман Ықтымбаев, Болат Қалымбетов, Наталия Арынбасарова, Наталья Гвоздикова фильмде басты рөлдерді сомдайды.

Режиссер Сәбит Құрманбековтің бұл туындысы қарттардың бүгінгі күні туралы сыр шертеді.

Мейірімге толы лирикалық хикая қарттардың күнделікті өмірінің қайшылықтары мен шырғалаңдары, жаймашуақ қарым-қатынастары, қуанышты сәттері мен болашаққа деген өшпейтін үміт оты туралы баяндайды.

Жерар Депардье, Нұржұман Ықтымбаев, Болат Қалымбетов, Наталия Арынбасарова, Наталья Гвоздикова сынды майталмандар кейіпкерлерін сомдаған фильмді бүгін Ұлттық арнадан сағат 22:50-де көре аласыздар.


0
0
909

Қоғабай Сәрсекеевтің «Жарқын бейнесі»

Бүгін 15:45-те Ұлттық арнадан көріңіз.

Жазушы, публицист, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қоғабай Сәрсекеев  - 1939 жылы қазіргі Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Торғай ауылында дүниеге келген.

Ол 1963 - 1967 жылдары «Қазақстан пионері», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде әдеби қызметкер, 1967 - 1982 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1983 - 1986 жылдары «Кітап жаршысы» («Друг читателя») газетінің редакторы болды, 1986-1990 жылдары «Жалын» баспасында бас редактор, республикалық «Қазақкітап» бірлестігінің бас редакторы, Кітап таратушылар республикалық қауымдастығының президенті қызметтерін атқарған.

Повестер мен әңгімелерден тұратын «Кілт» (1967), «Қараша қаздар» (1974) деген жинақтары жарық көрді. «Қол мерген», «Кестелі орамал», «Ыбырай Алтынсарин», «Мұңлық-Зарлық», «Фатима», «Ашудас», «Сарбаздар», т.б. пьесалары республикалық театрларда қойылды. Сәрсекеев – «Қызыл жалау», (1979), «Заманақыр» (1983) тарихи романдарының авторы.

Бірқатар шығармасы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жеке кітап болып шықты. Қоғабай Сәрсекеев - Халықараралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Францияның Өнеркәсіпке жәрдемдесу қауымдастығының (SPI) алтын медалі мен Халықараралық ақпараттандыру академиясының алтын медалінің иегері.

Өмірінің соңына дейін «Қазақ» газетін қайта шығарып, оның кең таралуына, мазмұнды болуына барын салған қайраткер туралы хбарды бүгін Ұлттық арнадан сағат 15:45-те көре аласыздар.


0
0
636

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов WBA (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағын иеленді

Монте-Карлода жеңіл салмақ дәрежесінде (53,5 келіге дейін) қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов пен венесуэлалық Йонфрес Парехо арасындағы жекпе-жек аяқталды.

12 раундқа созылған кездесуде төрешілер шешімі бойынша қазақстандық боксшы жеңіске жетіп, WBA (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атанды.

Осылайша Жанат Жақиянов кәсіпқой рингтегі өзінің 26-шы жеңісіне (19-ы нокаут) қол жеткізді.

 
0
0
272