Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Бүгіннен бастап «Балапан» телеарнасынан «Менің ғажайып ертегім» жобасы көрсетіледі

Енді кішкентай көрермендер «Айжұлдыз» хабарынан кейін жаңа ертегі тыңдай алады.

Бүгіннен бастап  «Менің ғажайып ертегім» жобасы эфирге шығады.  Енді кішкентай көрермендер «Айжұлдыз» хабарынан кейін жаңа ертегі тыңдай алады.

«Менің ғажайып ертегім» жобасы ата-аналар жазған ертегілер бойынша жасалған. Хабар барысында эстрада жұлдыздары ертегі оқыса, ал балалар шығарманың  оқиға желісі бойынша қойылым көрсетеді.

Айта кетейік, «Балапан» телеарнасы 5 жылдық мерейтойы қарсаңында ата-аналар арасында  «Менің сүйікті ертегім» атты ертегілер  байқауын жариялаған болатын. Сайыста үздік  деп танылған шығармалар «Менің ғажайып ертегім» жинағына енгізілді.

 

Жинаққа енген ертегілер туралы мына жерден білуге болады.


0
0
337

Осы тақырып бойынша