Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Украиналық кәсіпкерлер EXPO 2017 көрмесі аясында өз жобаларын ұсынады

Украиналық кәсіпкерлер баламалы энергия көздері саласындағы жобаларын Қазақстан нарығында жүзеге асыруға дайын.

Бұл туралы олар Киев қаласында өткен EXPO 2017 көрмесіне арналған халықаралық форумда мәлімдеді. Мұнда Қазақстанның Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков бизнесмендерді еліміздің инвестициялық әлеуетімен таныстырды. Сондай-ақ ол қазақ елі «жасыл экономикаға» көшуді бастаған ТМД елдерінің ішінде алғашқы мемлекет екенін айтып, осы бағыттағы тың технологияларды біздің нарықта енгізуге зор мүмкіндік жасалғанын жеткізді.

Майра Қадырбекова, Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінің кеңесшісі:

- Бүгінгі іс-шарада Украинаның бизнес-қауымдастығы Қазақстанның бүгінгі инвестициялық ахуалы мен елімізде бизнес жүргізуге жасалған жағдайлармен танысты. Украиналық кәсіпкерлер баламалы энергия көздері саласындағы жобаларын біздің нарықта жүзеге асыруға дайын екенін айтып отыр.

http://gbpp.org/kz/2015/11/12303

 
1
0
337

Осы тақырып бойынша