Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері мен оқытушылық құрамының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл, профилактика және алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызды рөлінің бірі жастармен жұмыс істеу болып табылады. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдырға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының айырмас бір бөлігі ретінде саналатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімді қалыптастырдың басымдығы жастарды насихаттауға бағытталған.

Осының негізінде, 2015 жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Алматы қаласы Жастар саясаты  жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен, Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері мен оқытуышылқ құрамының қатысуымен «2014 жылдың 11 қарашасында жарияланған Елбасының «Нұрлы Жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауы және 2014 жылдың 26 желтоқсанында Мемлекет басшысының №986 Үкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл, профилактика және алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.

Бүгінгі іс-шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің басшысы М.А. Анапин қатысушылаға Қазақстан Республикасының 2015-2025жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мәнін ашып, қоғамның сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы маңызды рөлі туралы толықанды ақпарат берді. Осындай іс-шараға қатысқан мұғалімдер мен студенттер алған ақпаратын жақындарымен бөліскенде, қоғамның біраз бөлігін қамтитын тізбектің құрылып, бұл тізбекті қоғамды сыбайлас жемқорлықтан сақтаудың бір тәсілі деп пайымдады.

Сонымен қатар, аталған кездесуде Алматы қаласы Жастар саясаты  жөніндегі басқармасының бөлім басшысы М.Б.Тілеубекова «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жастардың алатын рөлі» тақырыбында сөз сөйледі. Оның айтуынша, жастайынан бастап сыбайлас жеморлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың алатын орны ерекше. Қоғамның әрбір мүшесі, Қазақстанның әрбір азаматы сыбайлас жемқорлықты түйткілді түбірімен жоюға белсенді түрде араласуға міндетті.

Алматы энергетика және байланыс университеті тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың орынбасары З.А.Абдуллинаның пікірінше, Президенттің Жолауы бұл - жаңа экономикалық саясат. Ол Жолдауда көрсетілген басты мақсаттардың іске асырылуының кепілі адал жұмыс пен таза іс деп ұғады.

Оның пайымдауынша, қазіргі таңда оқу жүйесінің барлық сатысында ашықтық қағидасы негіге алынып отырып. Оқу орны әр тоқсанда екі рет студенттер арасында оқытушыларға қатысты сауалнама жүргізіп отырады. Сонымен қатар, университеттің әлеуметтік дисциплиналар кафедрасы әлеуметтік зерттеулер жүргізіп отырады екен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың бір көрінісі ретінде университет студенттердің қорытынды емтихандары кезінде «таза сессия» қағидасын ұстанатынын айтуға болады.

Қазіргі таңда, Департаменттің алдына қойған мақсаттардың бірі - студенттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға ықпалын тигізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттін қалыптастыру.

 

0
0
425

Осы тақырып бойынша

Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері мен оқытушылық құрамының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл, профилактика және алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді - Yvision.kz