Мазмұнға өту

Жаңа

2016 жылы Самұрық-Қазына» АҚ белсенді инвестор ретіндегі басқару үлгісіне көшеді

«Самұрық-Қазына» АҚ Трансформация бағдарламасы аясында басқару үлгісін өзгертеді. Бұл туралы Қордың компаниялар тобының трансформацияға арналған жылдық жиналысында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. Аталған жиында Бағдарламаның алғашқы нәтижелері зерделеніп, 2016 жылғы басым міндеттер айқындалды. «Қордың коммерциялық бөлігі айтарлықтай күшейтіледі: қызметкерлердің 60 %-ы жаңа салаларды жандандырып, қазіргі стратегиялық активтер қоржынын басқарумен айналысатын болады», - деді ол. Ө.Шөкеевтің айтуынша, Қордың жаңа қызмет үлгісі үш бағыттан тұрады: коммерциялық қызметтер (қазіргі активтер қоржынын басқару және жаңа компанияларды, индустрияларды дамыту), корпоративтік қызметтер (қаржы, адам ресурстарын басқару, операциялық қолдау) және мониторинг қызметі (жаңа ком…

0
0
404

Мәжіліс тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға енген өзгерістерді мақұлдады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасының негізгі мақсаты тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру болып отыр. Осыған орай 7 заңнамалық актіге, оның ішінде тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жарнама туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. «Еуразиялық…

0
0
429

Алматылықтар айтқан ұсыныстар «Алматы 2020» Бағдарламасының соңғы нұсқасында толығынан ескерілді – әкімдік

Алматы әкімдігінде «Алматы 2020» даму Бағдарламасын талқылау жөнінде жұмысшы тобынының қорытынды жиыны өтті, деп хабарлады қала әкімдігі. Бағдарлама жобасы көпшіліктің талқылауына ұсынылып, қала тұрғындарының толықтырулары, ұсыныстары мен тілектері ескерілді. Мысалы, бір ай көлемі ішінде Бағдарлама жобасын талқылауға байланысты азаматтық қоғам, кәсіподақтар мен салалық ұйымдар өкілдерімен, екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдары, білім мен денсаулық сақтау салалары, БАҚ басшыларымен, блогерлермен, «Болашақ» бағдарламасы түлектерімен, мәдениет, спорттық қоғамдастықтар қайраткерлерімен, сарапшылармен, ірі өндіріс орындарының басшыларымен, кіші және орта бизнес өкілдерімен, ЖОО-ның ректорларымен, жастармен, этномәдени бірлестіктер жетекшілерімен, зейнеткерлермен,ПИК-мен және басқалармен к…

0
0
167

Қазақстанда алғаш рет Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін атап өтті

Бүгін Астанада Оқушылар сарайында Халыққаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді, деп хабарлады Астана қалалық мемлекеттік кірістер департаменті. Астаналық әкімдік пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті мерекелік іс-шараның ұйымдастырушылары болып табылады. Қала басшылығымен қатар, іс-шараға мәслихат депутаттары, жастар бірлестіктерінің өкілдері, жоғарғы оқу орындарының ректорлары, мемлекеттік органдар басшылары, оқушылар, студенттер және қала тұрғындары қатысты. Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Лукин өз сөзінде, Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен тарихи қысқа мерзімде біздің еліміз орталық азия аумағында ғана емес, сонымен қ…

0
0
360

Г.Ким: ҚР Президентінің Жолдауы өзге елдерге жаһандық дағдарыстан шығудың үлгісі

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы ұсынысы мен үлгісі бойынша біздің еліміздің шекарасынан шығып кетеді. Себебі әлемнің барлық елі дағдарыстан шығу жолын қарастыруда. Біздің еліміз ҚР Президентінің Жолдауы түрінде жаһандық дағдарыстан шығудың өзіндік үлгісін ұсынды. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Георгий Ким «Strategy2050.kz»АА берген эксклюзивті сұхбатында хабарлады. - Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 30 қарашада Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. Аталмыш стратегиялық құжат тұрғысында пікіріңіз қандай? - Президент Н.Назарбаев табиғат байлығына иек арта беруге болмайтыны туралы айтқанына көп болды. Ол үлкен өзгерістер болатыны туралы ескерткен болатын. Мысалы, әлемдік экономиканың құбылмалыдлығы, әлімдік тәртіптің бұзылуы. Осы ретте, түрлі дағдарысқа қарсы шаралардың үлгісін…

0
0
278

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мемлекет пен азаматтық қоғамның бірігуі.

9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні, яғни барлық Қазақстандық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бірігуге шақырады. 2015 жылғы 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (бұдан әрі – Агенттік) бейне байланыс жүйесі арқылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мемлекет пен азаматтық қоғамның бірігуі» тақырыбында диалогтық алаң өткізілді. Аталмыш іс-шараның негізі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, азаматтарды Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу болып та…

0
0
463

Ақтөбеде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша өңірлік комиссия отырысы өтті

Облыс әкімшілігінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша өңірлік комиссияның кеңейтілген мәжілісі болып өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі. Комиссия жұмысына облыс әкімінің орынбасарлары, мәслихаттың хатшысы, басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Комиссия 2015-2019 жылдарға «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға ҚР ұлттық қорынан бөлінетін қаржыны тиімді жұмсауға партиялық бақылау қорытындыларын қарады. Бұл мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы бірінші орынбасары міндетін атқарушы Нұрхан Ақниязов айтып берді. Бердібек Сапарбаев айтылғандарды түйіндей келе, мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажеттігін атап көрсетті. Бұл ретте ол қаржыны жөнсіз үнемдеудің қажеті жо…

0
0
369

Ә.Исекешев Қазақстандағы инвестициялық белсендігі үшін 10 шетелдік компанияны марапаттады

Астанада ҚР инвестициялар мен даму министрі Әсет Исекешовтың қатысуымен шетелдік инвесторларды Қазақстандағы инвестициялық белсендігі үшін марапаттау рәсімі өтті. «Бүгін 10 инвестор марапатталады, олар ағымдағы жылы өздерінің инвестициялық белсенділігін көрсете білді. Елбасы Жолдауда инвестициялық саясатты белсендірек жүргізуді тапсырды. Қазақстан инвестицияларға мүдделі және біз инвестициялық жұмыстарды жүргізуді жалғыстырамыз. Біз бірінші сараптаманы жүргіздік. 12 ұсынысты жүзеге асырдық, енді 2 сараптама бойынша жұмыс істеудеміз. Жақын арада ЭЫДҰ-ның инвестициялар бойынша комитетінің мүшесі боламыз деген үміттеміз», - деп мәлімдеді Әсет Исекешев. ҚР ИДМ басшысы атап өткендей, Қазақстанда Инвесторлар кеңесі аясында Елбасының басшылығымен жұмыстар жүргізілуде. «Ай сайын біз Елбасының бас…

0
0
260

Астанада Елбасы Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу мәселелері бойынша кеңес өтті

Бүгін Астана қаласында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық және сараптамалық сүйемелдеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша республикалық кеңес өтті. Кеңеске ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Д.Н.Назарбаева, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.А.Майлыбаев,ҚР Үкіметінің мүшелері, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, Парламент Палаталары аппараттарының жетекшілері, министрліктердің жауапты хатшылары, қоғамдық бірлестіктердің, ЖОО-ның, республикалық БАҚ-тардың басшылары, мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары, Астана, Алматы қалалары мен облыс әкімдері орынбасарлары және Ішкі саясат басқармалары басшылары қатысты. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Д.Назарб…

0
0
512

А.Подушкин: Ежелгі Қаңлы мемлекеті – Қазақ хандығының негізін қалаушы

Қаңлы, үйсін және сақтар қазақ этногенезі дамуының ерте кезеңіне жатады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, қазақстандық сәулетші Александр Подушкин Strategy2050.kz АА берген сұхбатында. - Сіздің пікіріңізше, Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау қандай мағынаға ие? - Меніңше, қазақстандықтар біздің мемлекеттің құрылуы мен тәуелсіздігіне дейінгі күрделі жолын түсіне білуі керек. Бұл өте ауыр, ұзақ трагедиялы жол болды. Қазақстан барлық ауырлықты артта тастап, өзінің тұрақты даму жолына тұрып, әлемдік қауымдастығындағы орнын алды. Қазіргі заманғы өркениет біздің ата-бабаларымыз жасаған істің бос емес екендігін дәлелдеді. Маған Қазақстан азаматы ретінде өте маңызды шара. Өзге аспектілер болса, әрбір қазақстандық Қазақ…

0
0
1140