Алматы қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 Стратегиясын жүзеге асыру механизмдері дөңгелек үстел үстінде талқыланды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалымен біріге отырып дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел тақырыбы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 Стратегиясын жүзеге асыру механизмдері» болып табылады. Кездесу мемлекеттік органдардың түрлі үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, саяси партиялар мен отандық бизнес өкілдерінің қатысуымен өтті.
Дөңгелек үстелді өзінің сәлемдеме сөзімен бастаған «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты талқаланатын осындай кездесулердің жиі өтуі қажет екенін айтты.
Дөңгелек үстелдің модераторы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынща Департамент басшысы Өтеев Шаттық Тынымбайұлы мемлекеттік қызмет сапасын көтеру, сыбайлас жеқорлықтың алдын алу, халық арасында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру Стратегияның қазіргі таңда басымдылыққа ие міндеттері екендігін айтып өтті.
Жиынға қатысушылар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 Стратегиясын жүзеге асырудың тиімді тетіктері жайлы өз көзқарастарын ашық түрде білдіріп, Стратегияға сәйкес қоғаммен ықпалдастықтың мәселелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бағыттары мен міндеттері жайлы пікір алмасты.
Дөңгелек үстел барысында Транспаренси Казахстан халықаралық ұйымының қамқорлық кеңес Төрағасы, Президент жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі Комиссия мүшесі мен Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы өкілі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте үкіметтік емес ұйымдармен жұмыстың маңыздылығы жайлы сөз сөйледі.
Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы жанында жемқорлыққа қарсы Қоғамдық Кеңесінің Төрағасы мен аталмыш партия жанынан құрылған Республикалық Кеңестің мүшесі Стратегияға сәйкес мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мәселелеріне тоқталды.
Жиын соңында қатысушылар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 Стратегиясын жүзеге асыру туралы пікір таластырып, бірнеше ұсыныстар білдірді. Агенттіктің Алматы қаласы бойынша Департамент басшысы Өтеев Шаттық Тынымбайұлы дөңгелек үстел барысында айтылған ұсыныстардың алдағы уақытта жоғары деңгейде қаралатыны жайлы айтып жиынды аяқтады.
