Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Илья Ильин: Жеңісімді елімнің Тәуелсіздік күніне арнаймын

Илья Ильин әлемдік рекорд жаңартты.

Бесінші рет ұйымдастырылып жатқан ауыр атлетикадан РФ Президенті Кубогына Қазақстан Ұлттық құрамасының 12 спортшысы қатысты. Биылғы турнир 2016 жылғы Рио Олимпиадасына іріктеу кезеңі ретінде ұйымдастырылуда. Ерлер – 94, 105 және 105 келіден жоғары ал, қыздар – 75 және 75 келіден жоғары салмақта сынға түсті.

105 келі салмақ дәрежесінде қос қазақстандық жеңіске жетті. Илья Ильин қоссайыс қорытындысы бойынша 437 (191+246) келіні бағындырып, әлемдік рекордты жаңартты.

Александр Зайчиков қоссайыс қорытындысы бойынша 416 (190+226) келіні көтеріп, жарыс қорытындысы бойынша күміс жүлдеге қол жеткізді.

 
0
0
219

Осы тақырып бойынша

Илья Ильин: Жеңісімді елімнің Тәуелсіздік күніне арнаймын - Yvision.kz