Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Таңшолпанда» — Майра Мұхамедқызы

ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Астана Опера» театрының жетекші солисі Майра Мұхамедқызы бүгін таңғы бағдарламада қонақта болып, сұхбат берді.

«Шетте жүрген қандастар Тәуелсіздіктің қадірін жақсы біледі. Егемендік алды дегенді естігенде бөркімізді аспанға атып, ерекше қуандық. 1994 жылдары елге келдім. Алматыдағы Абай атындағы опера-балет театрында 20 жыл қызмет еттім. Әлемдік театрларда да қазақтың қызы деген атпен танылдым.  Өнердегі 21-ші жылымды «Астана Опера» театрында бастап жатырмын»,-дейді Майра Мұхамедқызы.

«Мен ұлтжанды азаматтардың қатарындамын. Сол себепті, репертуарымда көптеген қазақтың халық әндері бар. Сондай-ақ, қазіргі заман композиторларының да туындылары жетерлік. Олардың бірі – Тәуелсіздікке арналған «Көк тудың желбірегені» әні.  Алмас Ахметбекұлының сөзіне жазылған Ермұрат Зейіпханұлының әні».

Әншінің орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнін «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

0
0
419

Осы тақырып бойынша

«Таңшолпанда» — Майра Мұхамедқызы - Yvision.kz