Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік бағдарламалар не берді?

Президенттің бастамасымен жүзеге асырылған мемлекеттік бағдарламалардың бірі - 1997 жылдың 10 қазанында жарияланған «Қазақстан-2030» Стратегиясы. Алғашында оны жүзеге асырудың түрлі қағидаларына назар аударылып, еліміздің жүріп өткен жолдарына терең талдаулар жасалып, болашаққа қарай маңызды стратегиялық міндеттер қойылды. Жалпы, мемлекеттік бағдарламалар не берді, ел үкіметі не тындырды. Соның бір-нешеуіне нақты тоқталып, нақты деректермен мысалдар келтіруді жөн санадық.

Елбасының бастамасымен жаряиланған мемлекеттік бағдарламалар 2009-2010 жылдардан нақты іске асырыла бастады. Үдемелі индустриялық саланы жаңғырту, шағын және орта бизнесті дамыту, ауыл шаруашылын көтеру, білім мен мәдениетті көтеру және ауыл жастарына қолдау көрсету секілді ісшаралардың барлығы осы бағдарламалардың аясында жүзеге асқаны баршамызға мәлім. Енді осы бағдарламаларға жеке-жеке тоқталып, Павлодар облысында және республикада қандай нақты істер атқарылғанын сөз етейік. Мәселен, «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші кезеңі 2013-2015 жылдарға жоспарланды.  Мақсаты: Ел тұрғындарын әсіресе, ауылдағы ағайындарды жұмыспен  тұрақты және нәтижелi қамту , жұмыссыздық деңгейінің өсуін төмендету және халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу.  Осы бағдарлама арқылы ауыл ағайындарына айтарлықтай мол жағдай жасалды. Еңбек етуге ынталы жастар өз армандарына қол жетізді. Атап айтар болсақ, осы жылдың тамыз айындағы мәлімет бойынша Павлодар облысыда бағдарламаның бірінші бағыты бойынша инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға республикалық бюджеттен 789,1 млн. теңге (соның ішінде 2014 жылғы 4 дәрігерлік амбулаторияның құрылысына – 146,9 млн. теңге) бөлінді. 594 жұмыс орнын ашуына байланысты  39 жоба бекітілді, соның ішінде 298 ЖҚ 2020 ЖК қатысушыларына берілді. Жөндеу жұмыстары 33 жоба бойынша жүргізілуде, 14 жоба аяқталды. Қаржыландыру жоспарына сәйкес 332,4 млн. теңге бөлініп игерілді. Сондай-ақ, 514 адам жұмысқа орналастырылды.

Денсаулық саласы бойынша жүргізілген «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы да өз тиімділігін берді. 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның аяқталуына аз уақыт қалды. Халықтың денсаулығын жақсартуға сондай-ақ, халықтың әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған бұл реформа бойынша бес жылда көп іс тындырылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалау индикаторы бойынша соңғы бірнеше жылда отандық медицинаның қарқынды дамып келе жатқаны байқалады. Бұл – «Саламатты Қазақстан бағдарламасының жемісі, дейді сала мамандары. Елбасы бастамасымен жүзеге асырылған бірегей халықтық жобаның нәтижесінде елімізде жаңа туылған нәрестелердің шетінеуі 40%-ға, ана өлімі 2 есеге азайды. Туберкулезден қайтыс болғандар саны да 2,5 есе кеміді. Сондай-ақ, жүрек-қан тамырлары аурулары және өзге де қауіпті сырқат түрлері бойынша өлім-жітім көрсеткіші айтарлықтай төмендеді. Павлодар қаласындағы облыстық кардиологиялық орталықта бір жылдың ішінде 3 мыңға жуық науқастың жүрегіне ота жасалуда. Облыстық денсаулық сақтау басқарма-сының басшысы Нұрлан Қасымовтың айтуынша, былтыр 400 миллионнан астам теңгеге 231 құрал-жабдық бірлігі сатып алынған. Мұның бәрі халық денсаулығы үшін жасалған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі және оның тапсырмаларын жүйел түрде жүзеге асыруға бағытталған ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі тарапынан атқарылған зор жауапкершілікті істің жемісі. Қазақта: «Денсаулық – зор байлық» деген қанатты сөз бар. Көреген де кемеңгер басшымыз осы халық нақылының қандай өзекті екенін іс жүзінде көрсетіп берді. Осының барлығы ұлттың амандығы, елдің салауатты өмір салты үшін жасалған батыл да байыпты қадамдар. Әрине, қз жемісін берді, бағдарламаның игілігін ел көрді.

Енді шағын және орта бизнесті, соның ішінде қазақтың ата кәсібі болған мал шаруашылығы саласын дамытуға арнаған жобаларға тоқталайық. 2011 жылы бастау алған «Сыбаға» бағдарламасы ел көлемінде өте сәтті жүргізіліп, қазақ төрт түлігінің сапасын арттырып, санын өсіру бағытында жұмыс атқарылды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жоспарына сәйкес, 2014 жылы 50 мың бас ІҚМ сатып алу жоспарланғанымен, ауыл шаруашылғы тауар өндірушілері өткен жылы Корпорация қаржысына 53 мың 800 бастан аса ІҚМ сатып алды. Яғни, артығымен орындалан. Бүгінгі таңда аталған бағдарлама Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Павлодар, Қостанай облыстарында жүйелі жүргізілуде. 2012 жылдан бастап, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша қаржыландыру несие серіктестіктері жүйесі арқылы да жүзеге аса бастады. Өткен жылы несие серіктестіктерінің қатысушыларына 2 млрд. теңгеден аса қаржы бөлініп, оған 10 мыңнан аса ІҚМ сатып алынды. Корпорация «Сыбаға» бағдарламасы басталғалы бері 27,8 млрд. теңгеге 1972 жобаны қаржыландырылып, оған 147 мыңнан аса ірі қара мал сатып алынды. Бұл бағдарламаны Павлодар облысының шаруалары да өте сәтті пайдаланды. Биылғы жыл соңына дейін 4 мың бас ірі қара мал сатып алу жүктелді. Мамандардың сөзінше, Ертістің Павлодар өңірі діттеген межені еш қиындықсыз бағындырған. Бұл Н.Назарбаевтың бастамасымен жүргізілген әлеуметтік саясаттың, мемлекеттік жобалардың бір парасы ғана. Жалпы, Елбасы осы жобаларды қолға алып, халыққа жариялған кезде оған қарсы келіп, барлығының сәтті іске асырылуына күмән келтірушілер де көп болды. Бірақ, Елбасымыз өзінің бастамасының барлығының соңы зор жетістікпен аяқталарын, сәтті жүзеге асыра алатынын еліміздің алдында, және әлем елдерінің алдында айқын дәлелдеп берді. Егер, мемлекет басшысының әр ісіне сеніммен қарап, баршамыз бір кісідей жұмыла қолдау көрсететін болсақ, бұдан да зор істерді атқара алады екенбіз. Осылайша, әлемді сескендірген қаржылық дағдарыстардан қиындықсыз өтетінімізге сенуіміз керек.

   

Марат Серікбай

 
0
0
2952

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік бағдарламалар не берді? - Yvision.kz