Алматыда жасөспірімдер футбол лигасының маусымының аяқталуына орай салтанатты шара өтеді
20-желтоқсан күні сағат 11:00-де Алматы қаласындағы Теміржол институтының Мәдениет үйінде Алматы қалалық Балалар және жасөспірімдер футбол лигасының маусымының аяқталуына орай салтанатты шара өтеді.

Жүлделі орынға ие болған командалар марапатталып, үздік ойыншылардың есімдері анықталады.
Биыл «Жас Қыран» лигасы Алматыда 8 жас ерекшелігі бойынша қала кубогі мен біріншілігін ұйымдастырды.
Салтанатты шараға Қазақстан футбол федерациясының жетекшілігі, Алматы қаласының спорт басқармасы, «Жас Қыран» жасөспірімдер мен балалар лигасының өкілдері, сонымен қатар Алматы қаласының футбол федерациясы қатысады.
