Мазмұнға өту

Жаңа

Нұрлы жол – дорогами будущего

В 2019 году Казахстан должен стать одним из крупнейших транзитных хабов (центров) на территории Евразии. Через Казахстан пролягут мощные товарные потоки из Азии в Европу. Это станет возможным благодаря строительству транспортных сетей, которое сейчас ведётся по государственной программе инфраструктурного развития «Нұрлы жол». Первейшей задачей программы «Нұрлы жол» является создание эффективной транспортно-логистической инфраструктуры по «лучевому» принципу. К 2019 году в Казахстане будет создано пять макрорегионов, центрами которых станут Алматы, Астана, Актобе, Шымкент и Усть-Каменогорск. Они станут городами-хабами, где сосредоточатся все финансы, научные и трудовые ресурсы регионов. Эти хабы будут соединены друг с другом прямыми, как лучи, современными автострадами, что значительно сок…

0
0
451

«Қазақстан дауысы». 5 миллион теңге кімге бұйырады?

Қазір 16 әншінің ішінен көпшіліктің таңдауы бойынша 4 өнерпаз ғана қалды. Жарты жылға созылған еліміздегі айтулы ән бәсекесі «Қазақстан дауысының» үшінші маусымы шешуі сынға таяды. Бірнеше аптадан бері «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде көрерменнің дауыс беруімен үздіктер іріктелуде. Қазір 16 әншінің ішінен көпшіліктің таңдауы бойынша 4 өнерпаз ғана қалды. Алдағы жексенбіде осы төрттіктің арасынан кімнің жеңімпаз атанып, бас жүлде 5 млн теңгені иеле нетіні анықталады. Бәсекенің финалдық сайысы өте тартысты әрі қызықты болады. Үміткерлер бірнеше ән шырқайды. Алғашқы кезеңде еліміздің танымал жұлдыздарымен жұп болып өнер керсетсе, екінші кезеңде тәлімгерлерімен қосылып ән салады. Ал үшінші сында жеке-жеке шеберлігін сынайды. Бұл жолы тәлімгерлер шәкірттеріне көмектесе алмайды…

0
0
411

Ерболат Қарабдал: Қыш құмыра жасау өнері – атамұра

Қыш шеберлері Ерболат Қарабдал және Гүлназ Кендебайқызы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. «Қыш құмыра жасау өнері – атамұра. Қанмен берілетін өнер. Әкем 45 мемлекеттің әйгілі академигі. Ол кісінің маңдай тері, еңбегінің арқасында осы өнер бізге жетті. Мен де, қарындасым Гүлназ да, Шымкенттегі інім де құмыра жасаумен айналысады. Әулетімізбен құрашылық өнерін жалғастырып отырмыз»,-дейді Ерболат Қарабдал. «Оңтүстік Қазақстанмен ғана шектеліп қалмай, Астанаға да неге көрсетпеске деген ой келді. Себебі, Астанаға көптеген мемлекеттерден қонақтар келеді. Неге соларға қазақтың төл өнерін насихаттамасқа? Осындай ниетпен біз бүгінде бұл өнерді Елордаға алып келдік». «Бұл өнерді көзімізді ашқалы көріп келеміз. Ойнап жүріп үйреніп алдық. Әкеміз «Тәуелсіздігімізді алдық, енді ұлттығымыз әрбір іс-әрек…

0
0
1599

Секен Нұрғалиев – қазақтың тарихи фильмдеріне реквизит жасаған шебер

Ол Қазақ елінің Президентіне арнап жеті ертұрман жасаған. Шебер Секен Нұрғалиев ағаштан, теріден түрлі бұйымдар мен ат әбзелдерін жасайды. Ол кісінің қолынан шыққан ер-тоқымдар ерекше. Ердің алдын қызыл, ақ тастармен әшекейлеген, үзеңгісінің іші темір, сырты былғарымен қапталған. «Негізі қазақта ер тұрман адамның жеріне байланысты болады. Мысалы, қозықұйрық ер – Кіші жүздікі. Ал, айбас ер – найман ері»,-дейді шебер. Ердің алдыңғы қасы бірнеше бөліктен тұрады. Қастың негізі оқпан екі бөлек ағаштан құралады. Оқпанның артқы жағынан жабыстырылып, екі бетті біріктіретін тұтас ағаш желкебасар делінеді. Секен Нұрғалиев – қазақтың тарихи фильмдерінің көбіне реквизит жасаған адам. «Көшпенділер», «Жаужүрек мың бала», «Біржан сал» туындыларының кейіпкерлері қолданған кісе белдік, ертұрмандар осы кіс…

0
0
862

«Халық таңдауы». Сапалы шоколад қандай болуы керек?

Бүгін «Халық таңдауында» С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, нутрициология кафедрасының аға оқытушысы Айгүл Нағашыбекқызы қонақта. Шоколадты қаншалықты тұтынған дұрыс? Сапалы өнімді қалай таңдаймыз? Қазақстандық тауарлардың сапасы тиісті талаптарға сай ма? Бұл сауалдарға С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, нутрициология кафедрасының аға оқытушысы Айгүл Нағашыбекқызы жауап берді. Маманның айтуынша, егер шоколадтың түсі қоңыр болса, ол міндетті түрде какао ұнтағынан жасалған. Яғни, құрамында 65-75 пайызға дейін какао майы бар. «Қазіргі уақытта дүкен сөресіндегі шоколадтардың кейбірінің құрамына какао майын өзге алмастырғыштармен ауыстырып, шоколадтың құндылығын төмендететін жағдайлар жиі кездеседі»,-дейді Айгүл Нағашыбекқызы. «Негізі шоколадтың…

0
0
503

Винченцо Нибали мен Фабио Ару Astana EXPO-2017 көрмесінің елшілері атанды

Astana Pro Team велокомандасының шабандоздары Винченцо Нибали мен Фабио Ару Astana EXPO-2017 көрмесінің елшілері атанды. Команданың топ-менеджері Александр Винокуров пен ұлттық компания басшысы Ахметжан Есімов бүгін осындай меморандумға қол қойды. Спортшылар жаңа маусымда халықаралық көрменің логотипі салынған киім үлгісімен шығады. Шабандоздар алда Австралия мен Аргентинада өтетін жарыстарға қатыспақ. Топ құрамында 30 спортшы бар. Есімовтың айтуынша, мұндай жарнаманың арқасында көрмеге келушілер саны біршама артады. Өйткені велоспорт халық арасында өте танымал спорт түрі. Сондай-ақ бүгін шабандоздар EXPO көрмесіне орай салынып жатқан ғимараттардың макеттерімен де танысты. Ахметжан Есімов, «Астана EXPO-2017» ҰК басқарма төрағасы: - Біз халықаралық көрменің имиджін көтеру үшін қарқынды жұм…

0
0
316

Парижде 196 ел климат жөніндегі жаңа келісімді қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Парижде  196 елдің өкілдері БҰҰ- ның климат жөніндегі жаңа шекті келісімін қабылдады. Құжатқа сәйкес мемлекеттер 2022 жылға дейін жаһандық жылумен күрестегі ұлттық мақсаттарын айқындауы тиіс. Ал 2023 жылы алғашқы жалпы қорытынды сараланады.

Ұлттық іс-шаралардың басты мақсаты – Жер бетіндегі  ауа температурасының көтерілуін индустрияландыруға дейінгі кезеңмен салыстырғанда   2 градустан аспайтын деңгейде ұстап тұру.

Айта кетер жайт, елдер температураның өсуін 1,5 градусқа дейін тежеуге тырысатындықтарын мәлімдеді.

http://gbpp.org/kz/2015/12/12952

1
0
317

Талдықорғанда күн сәулесін қажетті мөлшерде қабылдай алатын жылыжай бой көтерді

Талдықорғанда ерекше жылыжай бой көтерді. Оның өзгелерден артықшылығы, жылуды қалыпты ұстап, күн сәулесін қажетті мөлшерде қабылдай алады. Кешен Жетісу мемлекеттік университетінің студенттер үйі жанында бос жатқан алаңқайға салынды. Оны облыс әкімінің жастар арасындағы инновациялық жобалар байқауының 8 млн теңге грантын жеңіп алған жас ғылыми қызметкерлер тұрғызған. Көлемі 300 шаршы метр болатын заманауи жылыжай бір қарағанда жертөлеге ұқсайды. Онда өсімдіктер тамшылатып суарылады. Ал гидропоникалық және аэропоникалық әдістермен өсірілген өсімдіктер минералдарды судың булануы арқылы алады. «Бұл ғылыми ізденістің нәтижесі», - дейді жоба авторлары. Алғаш рет өнім берген қияр, қызанақ, пияз сияқты көкөністер сапалы әрі экологиялық жағынан таза болып шықты. Нақты іске айналған инновациялық жо…

1
0
486