Ә.Пірметов: «Жасыл» технологияны жандандыру – жаһандық мәселе
Әлем елдері биылдың өзінде «жасыл» технологияны дамыту мақсатында 270 млрд доллар қаражат бөлді.
2050 жылға дейін қуаттың 10-15%-ын баламалы энергия көздері арқылы өндіру мақсаты тұр. Сондықтан ЕХРО халықаралық көрмесі аясында шетелдік мамандармен тәжірибе бөлісіп, өз ғылыми жетістіктерімізді өзгеге көрсетудің маңызы зор. Мемлекет басшысы биылғы басты оқиғаларға орай тілшілерге берген сұхбатында осындай ой айтқан болатын. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарама төрағасының орынбасары Әлішер Пірметовтің айтуынша, бұл тұрғыда көрмеге дайындық жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Қазірге дейін 57 мемлекет әлемдік шараға қатысатынын қуаттады.
Әлішер Пірметов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқарма төрағасының бірінші орынбасары:
- Көрме арқылы біз әлемде осы бағытта атқарып жатқан жұмысымызды көрсетіп, сонымен қатар Астананы, біздің бас қаламызды әлемдік жаңа технологиялар, баламалы энергияны дамыту орталығына айналдыруға үлкен мүмкіндік болады деп санаймыз. Бұл жұмыс тек көрме барысында ғана шектелмейді, көрмеден кейін де дамиды. Мысалы, БҰҰ Бас ассамблеясында Елбасының айтқан ұсынысына сәйкес, біз көрмеден кейін көрме нысандарын қолдана отырып, Халықаралық «жасыл» технологияларды дамыту орталығын ашу жөніндегі ұсынысты жүзеге асыруға талпынамыз.
http://gbpp.org/kz/2015/12/12975
