«Дүлдүл домбыра» республикалық байқауы
Бүгін аудандық мәдени-демалыс орталығында Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы және аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының халық әртісі, күйші, домбырашы Қали Жантілеуовтің 120 жылдығына арналған «Дүлдүл домбыра» атты республикалық домбырашылар байқауы өтуде. Байқауға еліміздің әр аймағынан домбырашылар келіп бақтарын сынауда. Байқаудың қатысушылары мен қонақтарын аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық ішкі саясат басшысы Нұрғали Ғаббасов бастаған делегация ауданымыздың шекарасынан қарсылап, ұлттық киім киген бір топ өнерпаздар қазақтың ұлттық тағамы бауырсақ пен ақ ұсынды. Қонақтар мен домбырашылар ең алдымен күй алыптары Мәмен Мұратұлы мен Тұяқберді Қажыгерейұлының кесенесіне тағзым етті. Ода…