Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Қазақстанда инновациялық даму картасын дайындау жоспарланған

Инновацияны дамыту интерактивтік картаның еуропалық технологиясы 2000 жылдан бастап ЕО-да сәтті жүзеге асып келеді, ол кезеңмен Қазақстанда да енгізілмек, уақыт өте келе Қазақстан бұл үрдісті өзі даындап алады. Бұл туралы Еуропалық одақтың зерттеу және инновациялар бойынша "Горизонт-2020" бағдарламасының үйлестірушісі Камила Магзиева «Инновациялық даму үрдісінің еуропалық картасы» халықаралық семинары барысында.

«Дағдарыс кезінде барша әлемнің назары инновацияларға ауып жатыр. Себебі тек инновациялар бізді қиын жағдайдан алып шыға алады. Дегенмен инновация - бүгін инновация, ертең - қалыпты жағдай. Болашақ инновацияны қалай анықтауға болады? 2002 жылы Еуропалық одақ табиғи каучукты алмастыратын баламаны ойлап табуды қолға алды. Себебі каучукқа деген сұраныс күрт артты және 2016-2018 жылдары тапшылық болар еді. Осының арқасында 2008 жылы жаңа жобалар іске қосылды», - деді К. Магзиева.

Осындай тұрғыда Еуропалық инновацияны дамыту диаграммасын Еуропалық одақ барша Еуропаның инновациялық мүмкіндігін айқындау үшін дайындаған болатын.  ЕО-ғы инновация дамуының және болашаққа қойылған жоспарларды жүзеге асырудың негізі болады. ЕО елдерінің инновациялық саясаты мен салыстырмалы сараптамасынан болжам беретін құжат ретінде қолданылады. Ол тараптар арасында туған қызығушылықты байланыстыратын дәнекер көпір ретінде де қызмет атқарады.

2000 жылдардан бастап ЕО-ғы инновацияларды дамытудың интерактивті картасы қолданыла бастады, 2010 жылдан бері Инновациялық одақ қызмет етеді. Аталмыш картаны әрбір шағын кәсіпорыннан бастап, министр, басшыға дейін пайдаланады. Соған қарап, олар соңғы уақыттарда қандай өзгерістер орын алды, қандай да бір өнімнің бағасы болашақта қандай болуы ықтимал деген ақпараттарды бақылай алады.

Өз кезегінде аталмыш тәжірибелік семинар ЕО-ның инновациялық даму бойынша интерактивтік картасын құруға мүмкіндік беруді қарастырады. Семинарға қатысушылар өз елдерінің инновациялық даму картасының диаграммасын құратын болады.  Олар инновация статистикасын қолданады. Семинардың басты мақсаттарының бірі болып еуропалық диаграманы Қазақстанда қолдану бойынша инновациялық даму картасын әзірлеу.

Инновациялық Одақ - инновациялық тұжырымдамалардың бірігуі, мемлекеттік орган мен жеке компаниялар, мекемелер мен өндірістік топтардың, банктер мен бизнес, ғылымдардың ортақ жүйесі болып табылады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
461

Осы тақырып бойынша

Қазақстанда инновациялық даму картасын дайындау жоспарланған - Yvision.kz