Аудан әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның басталғаны туралы хабарлады
А.ж. 7 қыркүйекте Егіндікөл ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бастамашылық еткен «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны бастау алғаны туралы брифинг өтті.
Іс-шараға қатысушылардың алдында құттықтау сөзімен аудан әкімі Н. Төлепов сөйледі, ол жиналғандарға аудан әкімі аппаратының ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша қолданып отырған шаралар туралы баяндады.
Сонымен қатар, брифингке қатысушылар Сыбайлас жемқолыққа қарсы марафон аясында 7-20 қыркүйек аралығында Егіндікөл ауданында өтетін іс-шаралар туралы таныстырылды.
Іс-шараға 21 адам қатысты.

