ru
Мемлекет
Мемлекет
2 220 жазбалар14 тіркелуші
0

Қазақстанда атыс тирінің жұмыс істеу тәртібі бұзылса айыппұл енгізіледі — ІІМ

Елiмiзде ойық ұзын оқпанды атыс қаруы мен iрi калибрлi патрондардың айналымына тыйым салу ұсынылып отыр. Бұл туралы бүгiн Мәжiлiсте «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экстремизмге және терроризмге қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасының таныстырылымында ҚР Iшкi iстер министрiнiң орынбасары Рашид Жақыпов мәлiм еттi.

«Қарудың кейбiр түрлерiнiң айналымын мемлекетттiк бақылау» заңына Қазақстан аумағында ойық ұзын оқпанды атыс қаруы мен iрi калибрлi патрондардың айналымына тыйым салу бойынша өзгерiстер енгiзу ұсынылып отыр. Бiздiң ойымызша, елiмiздiң аумағында осындай қаруды пайдалану тек қана аңшылардың пайдалануымен түсiндiрiлмеуi тиiс. Мұндай қарудың нысананы дәлдеп ату мүмкiндiгi снайперлiк атыста пайдаланылады. Сондықтан мемлекеттiк қайраткерлерге қатысты террористiк актiлерде осы қаруды пайдалану мүмкiндiгiнiң алдын алу үшiн республика аумағында бұл қаруға тыйым салынады», - дедi Р.Жақыпов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, өзге адамға қаруды беруге тыйым салынбақ.

Сонымен қатар, Қазақстанда  атыс тирінің жұмыс істеу тәртібінің  бұзылғаны үшін   айыппұл енгізіледі.

Айта кетейiк, комитет отырысына парламенттiк емес саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктер, үкiметтiк емес ұйымдар, дiни конфессиялардың өкiлдерi мен сарапшылар шақырылып отыр.

Заң жобасы 2016 жылы 10 маусымда өткен Қауiпсiздiк кеңесiнiң отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау мақсатында әзiрлендi.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz