Берлинде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың, ГФР Ішкі істер министрлігінің Парламенттік статс-хатшысы Хартмут Кошиктің, Бундестаг депутаттары – Ішкі істер жөніндегі комитет мүшелері, ГФР СІМ мен ІІМ қызметкерлері, Конрад Аденауэр атындағы Қоры, тілшілері, сондай-ақ Германияның қоғамдық-саяси топтарының бірқатар өкілдерінің қатысуымен «Ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгі тәжірибесі» тақырыбына семинар өтті.
Іс-шара барысында Р. Василенко кездесудің қатысушыларын 1995 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған, мемлекеттің табысты экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылығының берік негіздерінің бірі болған бірегей институт – Қазақстан халқы ассамблеясының қалыптасу тарихымен таныстырды. Қазақстандық дипломат қазіргі кезде бірнеше шет елдері аталған аядағы қазақстандық тәжірибені белсенді зерттеп жатқанын және қазақстандық тәжірибе атқарымдары біздің мемлекетпен 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмыс барысында пайдаланылуы мүмкін екенін баса айтты, деп ҚР СІМ хабарлайды.
Өз кезегінде, Х. Кошик Қазақстан көп жағынан толерантты ұлтаралық саясатының арқасында Орталық Азияда «тұрақтылықтың зәкірі» болғанын атап өтті.
Неміс саясаткерінің сөзінен, Қазақстан мемлекет пен онда тұрып жатқан этностар арасындағы өзара қарым-қатынастарды табысты құру бойынша әлемнің көптеген елдері үшін жақсы мысал бола алады.
Жалпы алғанда, семинарға қатысушылардың ортақ пікірінше, ҚХА құру Қазақстанға Тәуелсіздіктің таңында белгісіздіктің күрделі уақытын сәтті өтуіне мүмкіндік берді, бұл экономикалық реформаларды сәтті өткізумен бірге халықтың әл-ауқатының өсуіне және халықаралық аренада беделін ақтауға мүмкіндік берді.
Осы күні Р. Василенко Бундестаг депутаты – Орталық Азия-ГФР парламенттік тобының төрағасы Манфред Грундпен, Бундестаг депутаты – Еуропа Кеңесінің Парламент ассамблеясындағы неміс делегациясының басшысы Аксель Фишермен, ГФР СІМ Бас хатшысы Мигель Бергермен және Германия экономикасы Шығыс еуропалық ассоциациясының атқарушы директоры Уте Кохловски-Каджаймен екі жақты кездесулер өткізді. Келіссөздер күн тәртібінде ҚР мен ГФР арасындағы парламентаралық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері тұрды.
Берлинде болу барысында Р. Василенко сондай-ақ «Business & Diplomacy» неміс мамандандырылған журналына Астанада алдағы уақытта өтетін Әлем саммиті мәнмәтінде Қазақстанның антиядролық бастамаларын, қазақстандық-германдық екіжақты ынтымақтастықтың басымдылықтары, сонымен қатар Қазақстан Республикасында тұрып жатқан этностық немістердің мәселелері жөніндегі қазақстандық-германдық үкіметаралық комиссиясының 14-ші отырысы қарсаңында өткен жұмыс қорытындылары белгіленген сұхбат берді.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz