Қазақстанның 300 мыңнан астам ата-аналары бір конференцияның қатысушылары болды
Қазақстанның барлық жалпы білім беретін мектептерінде бір мезгілде бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек бойынша республикалық ата-аналар конференциясы өтуде. Қазақстаның 357 мың ата-анасы осындай көлемді конференцияның қатысушылары болды.

«21 ғасырдың Қазақстандық ата-аналары» конференциясының басты қатысушылары балалары бірінші сыныпқа барған ата-аналар болды. Барлық Қазақстан бойынша 357 мың адам, олардың 20 мыңы – астаналық бірінші сынып оқушыларының ата-аналары.
«Іс-шара жыл сайын республиканың және Астананың барлық мектептерінде 2013 жылдан бастап өтеді. Конференция бірінші сыныпқа барған балалардың ата-аналарына психологиялық тұрғыда көмек көрсету үшін арналған. Оларды еліміздің әрбір мектебінде жинайды және бірыңғай сценари бойынша конференция өткізеді. Тәжірибелі психолоктар бейне материалдар мен түрлі материалдарды ата-аналар үшін таңдайды»,-деді №59 мектеп-лицей ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары Алла Сертынбаева.
Отбасылық білім беру институтының Бас директоры Софя Евдокимованың айтуы бойынша, бірінші сынып оқушыларының ата-аналары мен үстаздар арасында кекілжін пайда болып қалуы мүмкін. Ал, аталмыш іс-шара ата-аналарды балаларды тәрбиелеуге бағыттайды.
«Бұл ата-аналар қауымдастығымен жаңа инновациялық жобасы болып табылады. Бала үйде болған кездері, оларға ата-аналары беделді болды. Ал, мектепке келген кездері беделдік ұстазға түседі. Осы кезде проблема туындайды – ата-аналардың қызғанышы. Отбасы ұстазды қабылдай білуі тиіс»,-деді С. Евдокимова.
Отбасылық білім беру институты конференция сценарийін әзірледі.
Суретке түсірген Шыңғыс Қаппаров
Ақпарат көзі: strategy2050.kz
