Мазмұнға өту

Жаңа

Елбасы Талдықорғандағы Оқушылар сарайына барды

Қазақстан Президенті Оқушылар сарайында болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы биология, физика кабинеттерін, техникалық шығармашылық модельдері көрмесін, хореография залын, үлкен концерт залын аралап көріп, көркемөнер галереясындағы суреттер экспозициясымен танысты. Елбасы назарына ән және би өнері бойынша балалардың концерттік нөмірлері ұсынылды. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Оқушылар сарайына келетін балалармен және олардың ата-аналарымен әңгімелесіп, шығармашылық табыс пен бақ-береке тіледі. Соңында Мемлекет басшысы Оқушылар сарайына жайлы автобус тарту етті. Ғимараттың жалпы алаңы – 13 мың шаршы метрден астам. Мекеме инфрақұрылымы шеберхана, зертхана, көрме және мәжіліс залдарын, сондай-ақ музей, медиатека, дыбыс жазу студиясы мен обсерваторияны қамтиды.…

0
0
445

ДСӘДМ басшысы семинарлар аясында қазақстандықтарға медициналық сақтандырудың негізгі қағидаларын түсіндіруде

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша аймақтық штабтардың мүшелерін оқыту семинарларының циклі басталды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі. 19-26 қыркүйек аралығында ҚР ДСӘДМ басшысы Тамара Дүйсенова селекторлық тәртіпте МӘМС-тің негізгі қағидаларын түсіндіреді. Оқыту шаралары аяқталған соң, аймақтық штаб мүшелері 1 қазаннан бастап халық арасында түсіндіру жұмыстарын бастайды. Олар жұмыс берушілермен, кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдарымен, бюджеттік сала қызметкерлерімен, ҮЕҰ және кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен, сонымен қатар, ауылдық жерлердегі түрғындармен кездесулер өткізеді деп күтілуде. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда үздік халық…

0
0
477

Қарағанды облысында өнеркәсіп кәсіпорындарының өнімді өндіру көлемі 3,1%-ға өсті

Ағымды жылғы қаңтар-тамызда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 1185,4 млрд. теңгеге өнім өндірді, деп хабарлады Қарағанды облысының статистика департаменті. Ағымды жылғы қаңтар-тамызда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 1185,4 млрд. теңгеге өнім өндірді, бұл 2015 жылғы тиісті кезеңнен 3,1%-ға артық. Облыстың өнеркәсіп өндірісі көлемінің негізгі үлесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі – 79,5%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 9,6%, кен өндіру және карьерлерді қазу – 9,5%-ды, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау 1,4%-ды құрайды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің (қызмет) шығару көлемі 2016 жылғы қаңтар-тамызда 106,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2015 жылғы тиісті кезеңнен 1,4%-ға көп. Жоғарылау мал шаруашылығы өнімін өндірудің 2,6%-ға, оның ішінде сиыр с…

0
0
480

Оралда азаматтық бақылау белсенді жұмыс жүргізуде

2016 жылдың 15 қыркүйекте «Азаматтық бақылау» жобасының шеңберінде қоғамдық бақылауда кезекті азаматтық қабылдау өткізілді.

Қабылдауды Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының лицензиялау және аттестациялау бөлімінің басшысы Тажбаев Ғайса Бектемісұлы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы бөлімінің бас маманы Абдрахманова Айзада Айнабекқызы өткізді.

Қабылдауда облыс аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сәулет саласындағы қызметті лицензиялау және аттестациялау және құрылыс материалдарын өндірудегі құрылыс-монтаждық жұмыстардың орындалуын бақылау және қадағалау сұрақтары талқыланды.

0
0
290

Қ.Бишімбаев: 2017 жылға Ұлттық қордан мектептердің құрылысына 70 млрд теңге қарастырылған

2017 жылы мектеп құрылыстарына Ұлттық қордан қосымша 71,7 млрд теңге беру қарастырылған, сонымен қатар мектептердің сейсмикалық тұрғыда нығайтылуына 8,3 млрд теңге бағыттау көзделіп отыр, деді ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Мәжілістегі үкімет сағатында. «Мемлекет басшысы 2018 жылға қарай үш ауысымды оқытуды жою, апаттық жағдайдағы мектептердің санын қысқарту және 2020 жылға қарай 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды толығымен мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді. 2015-2016 жылдары 77,3 млрд теңге бөлінді, 2015 жылы – 19,4 млрд теңге, 2016 жылы- 57,9 млрд теңге 96 білім беру нысандарының құрылысы үшін бөлінді. Олардың ішінде -77 мектеп және 19 балабақша бар»,-деді Қ.Бишімбаев. Оның айтуынша, бүгінгі күні білім берудің 41 нысаны пайдалануға берілді…

0
0
312

Қазақстанның құрылыс индустриясы жан-жақты қолдауды қажет етеді - сарапшы

Қазақстанның құрылыс индустриясы ШОБ саласы сияқты тұрақты әрі жан-жақты қолдауды қажет етеді. Бұл туралы Сәулетшілер, дизайнерлер және өзге құрылыс индустриясының кәсіби қатысушылары қауымдастығының төрағасы Лаура Шәріпова Еуропа мен Азия сәулетшілері мен дизайнерлерінің халықаралық кездесуінде айтты. «Жалпы, құрылыс индустриясы мен шағын бизнес өкілдері бизнесті енгізуде қолдауды қажет етеді. Сәулетшілер мен дизайнерлер қаншалықты шығармашыл болса да, олар бизнесті енгізеді. Бұл келісімге отыру мен есептік тіркеу, салық төлеу болып табылады. Адамдар бұл қолдау мен білімді бір жақтан алуы керек. Біздің қауымдастықтың мақсаты осы көмекті жүзеге асырады. Біз консультация, шеберлік сыныптары мен семинарларды өткіземіз. Сондай-ақ, біздің сайтта сәулетшілер мен дизайнерлерді ақпараттандыратын…

0
0
537

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысының басқармаларының персоналды басқару қызметтері үшін тағылымдама өткізді

А.ж. 13-15 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) облыстық басқармалардың персоналды басқару қызметтері үшін тағылымдама өткізді.

Конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабында өсуі,   тағылымдаманы ұйымдастыру, тәлімгерлік, қызметшілерді бағалау, оқыту және т.б. мәселелер талқыланды.

Тағылымдама барысында департамент қызметкерлері  мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы практикалық тұрғыда қолдану бойынша әдістемелік және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Барлық сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар берілді.

Департамент госслужбы

0
0
434

Ninety One тобын Шымкентке жолатпау дұрыс қадам ба?

Жақында жаңалықтарда Ninety One тобына Шымкентке кіруге тыйым салынды деген хабар тарап кетті. Осы орайда маған "Халық неге бұл жігіттерді ұнатпайды?" деген ой келді. Себебі бірден белгілі болады: киген киімдерін, шаш бояуын оңтүстік тұрғындары ерсі көреді. Бірақ тек осы себеппен ғана бұл әншілерді жеккөрген дұрыс па? Бұл сұрақтың жауабын толығырақ менің видео жазбамнан көре аласыздар:


0
3
2169

2016 жылы Солтүстік Қазақстанда инвестиция көлемі 3,2 %-ға ұлғайды

2016 жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығының көлемі – 13,2%, құрылыс жұмыстарының көлемі – 5,9%, инвестициялар көлемі – 3,2% ұлғайды, деп хабарлады СҚО статистика департаменті. 2016 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 93 млрд теңгені құрады. Шаруашылық жүргізетін субъектілердің меншікті қаражаты негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудың басым көзі (63,6%) болып табылды, оның көлемі 59,2 млрд теңгені құрады. «Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 38,6%, өнеркәсіп – 21,4%, көлік және қоймалау – 19,5%, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – 8,3% - негізгі капиталға салынған инвестицияларды игеру бойынша басым салалар болып табылады.»2016 жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 108 млрд теңгені құрады. Мал мен құстың…

0
0
304

Қазақпын деп мақтанам

Шыңына да,

Қол жетпейтін асқардың

Қазақпын деп,

Өр кеудеммен мақтандым.

Асау мінез,

Бұрқап аққан тасқынға,

Қазақпын деп,

Жан дүниеммен жар салдым.

Жеті атасын жетік білген,

Ұл бар да,

Қазақпын деп,

Барша әлемге шаттандым.

 

Қиын-қыстау,

Кезең қалып алыста

Жаңа деммен,

Түстік біздер жарысқа.

Жүйрік ойлы,

Кең пейілді, әй Қазақ!

Шаба берші, шаба берші алысқа!

0
0
741