ru
Мемлекет
Мемлекет
2 220 жазбалар14 тіркелуші
0

Қазақстан мен Ұлыбритания әскери-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

ҚР Қорғаныс министрлігінде Ұлыбритания Құрама Корольдігі және Солтүстік Ирландия Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген Еуропа жөніндегі департаментінің бастығы Саймон Лоның сапары шеңберінде Қазақстан мен Ұлыбритания қорғаныс ведомстволарының әскери-техникалық ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойылды.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі  хабарлағандай, меморандумға қол қоюға өзара тиімді әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін  негіз құрудағы екі мемлекеттің қорғаныс ведомстволарының ниет білдіруі арқау болды.

Қол жеткізілген уағдаластықты іске асыру қазақстандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту және қару-жарақ пен әскери техниканы жаңғырту мақсатында екіжақты байланысты кеңейтуге ықпал етеді.

Ұлыбритания Құрама Корольдігі мен Солтүстік Ирландияның Қорғаныс министрлігімен әскери ынтымақтастық 1996 жылдан бастап екіжақты әскери ынтымақтастықтың жыл сайынғы жоспары бойынша жүргізіліп жатқанын айта кетейік.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыты «Қазбриг» әскери қызметшілеріне Британдық әскери консультативтік-жаттықтыру тобы нұсқаушыларының «Дала қыраны» оқу-жаттығуы мен тренингтердің өткізілуін қамтитын бітімгершілік дайындық болып табылады.

Одан басқа, Ұлыбританияның әскери оқу орындарында қазақстандық кадрларды даярлау және әскери білім беру саласындағы өзара іс-қимыл жүзеге асырылуда.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz