Қазақстанда банкротқа ұшыраған кәсіпорынды атауы және тауар белгісімен сатып алуға болады
Банкроттық туралы заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, банкрот-кәсіпорынды толық меншіктік кешенмен атауы және тауарлық белгісімен сатып алуға болады, сонымен қатар, оның жаңа меншік иесі атануына болады, деп хабарлады ОКҚ-дегі баспасөз-конференциясында ҚР ҚМ МКК Салықтық бақылау департаментінің директоры Ерлан Нұрланбаев.
«Заңға сәйкес, банкрот-кәсіпорынды толық меншіктік кешенмен атауы және тауарлық белгісімен сатып алуға болады және оның жаңа меншік иесі атануына болады. Барлық кредит берушілермен есептескеннен кейін, кәсіпорынның банкроттық статусы алынып тасталынады», - деп мәлімдеді Е.Нұрланбаев. Оның айтуынша, заңның іске асырылуы қарызы бар компаниялардың бизнесін сақтап қалуға үлкен мүмкіндіктер береді.
«Бұл жұмыс орындарының, салық салынатын негіздің сақталуы. Сондай-ақ, заң оңалту мен банкроттық рәсімдерін өткізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді», - деді Е.Нұрланбаев.
«Бұл жұмыс орындарының сақталуы. Заң оңалу мен банкроттық үрдістерін өткізу уақытын қысқартты», - деді Е.Нұрланбаев.
Оның айтуынша, Дағдарысқа қарсы жоспарды орындау аясында оңалту мен банкроттық және салық төлеудің жаңа әдістері анықталды.
100 нақты қадам» шеңберiнде «Оңалту және банкроттық мәселелер туралы» жаңа заң қабылданды.
2247 банкротқа ұшыраған кәсіпорын банктерге 286 млрд теңге қарыз. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнің қарызбен жұмыс істеу жөніндегі басқарма жетекшісі Айгүл Уәлиева ОКҚ брифингінде мәлімдеді.
«Бүгінде 2247 банкрот кәсіпорын бар, олардың банктерге қарызы 286 млрд теңгені құрады. Бұл банктердің борышкерлерге берген несиелері. Бұл 1 қыркүйектегі жағдай бойынша статистика көрсеткіші», - деді А.Уәлиева.
Оның айтуынша, қарыздың көп бөлігі салыққа тиесілі. Банкроттықтың бастамашы үрдісіне келетін болсақ, бюджет алдында 45 пайыздық көрсеткіште мемкірістер органдары қарыз болса, 30 пайыздан астамы қарызгерлердің өздері, 20 пайызы борышкерлердің несиесі», - деді ол.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz
