ru
Мемлекет
Мемлекет
2 220 жазбалар14 тіркелуші
0

Тәуелсіздік жылдары Жамбыл облысына құйылған инвестиция көлемі 80 есеге өсті

1999-2015 жылдар аралығында негізгі капиталға салынған инвестиция 80-нен астам есеге өсті. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов мәлімдеді.

«Еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл ағымында облыс экономикасында дамудың оң динамикасы байқалады. Өңірлік жалпы өнім 10,8 млрд. теңгеден 1014,5 млрд. теңгеге өсті. Өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі 2000-2015 жылдар аралығында 25,8 млрд. теңгеден 283,9 млрд. теңгені құрады немесе  2,5 есеге өсті.Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының аясында соңғы 6 жылда облыста құны  158,4 млрд. теңгені құрайтын 43 өндіріс орны пайдалануға берілді. Бұл 5000 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туғызды», - деді Е.Манжуов.

Атап өтетін жайт, 1999-2015 жылдар аралығында негізгі капиталға салынған  инвестиция  81 есеге  өсті. Сонымен бірге, әлеуметтік нысандар, инженерлік және транспорт инфрақұрылымын дамытуға бюджет қаржысының көлемі шамамен 209 есеге ұлғайған.

«Әлеуметтік саланың дамуы бюджет кірісінің табысы оң динамикалық өсуге жағдай жасады. Тұрғындардың әл-ауқаты өсуі мен жұмыссыздардың саны тұрақты төмендеуі көрінеді. Жұмыссыздар деңгейі 2015 жылы 4,9%  құраса, 1998 жылмен  (14,2%) салыстырғанда  пайыздық шамада 9,3-ке төмендеген. Халықтың жекелей  ақшалай табысы 2000 жылдан 2015 жылмен салыстырғанда 12,6 есе өсті. Ал орташа жалақы мөлшері 10 есеге ұлғайды», - деді ол.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz